Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Индира Расылхан дертке шалдыққан тұңғыш қызы жайлы айтып, жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Отандық әнші Индира Расылхан отбасылық құпиясымен бөлісіп, сәби күнінде дертке шалдыққан тұңғышы жайлы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Индира Расылхан. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Индира Расылхан. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Индира Расылхан үлкен қызы жайлы жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"1998 жылдың шілдесінде ең алғаш ана атанған күнім еді. Шапағат атты қызымды дүниеге әкелдім. Туғанда дені сау, сүп-сүйкімді қыз-ақ болды. Дәрігерлер денсаулығында ешқандай да нұқсан келетіндей қауіптің жоқ екендігін айтқан. Бірақ билирубиннің (ред: сары пигмент) қанында көп болғаны жайлы бейхабар болдым. Перзентханадан шыққанда, өте көп дәрілер жазып берді. Бірақ маған баланың халі жайлы ештеңе демеді. Мен ол кезде жаспын, ештеңені де білмеймін ғой", - деді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, ол қызының денсаулығы дұрыс емес екенін бес айлығында ғана байқай бастаған.

"Тараз қаласында тұрамыз. Қызымның бес айлығынан бастап қана, бұл қыздың денсаулығы жақсы емес екендігін сездім. Ақыл-ойы мен физикалық тұрғыдан кеш дами бастады. Дәрігерлерге апарғанымда, олар "балаңыз жақсы" деп шығарып салып жүрді. Тоғыз ай дегенде қызымның хәлі нашарлай бастады. Тыныс алуы біртүрлі болды. Дәрігерге тағы да апарғанымда, "бәрі жақсы уайымдамаңыз" деп шығарып салды.

"Неге былай жасамадым", "Неге басқа да дәрігерлерге алып бармадым" дегендей ой да кетіп қалады. Бәрі де Алланың қалауы ғой. Маған расында да Алла ол қызды ниетіме және менің қорқынышыма қарай солай етіп берген - ау?!

Аяғым ауыр кезде үнемі қорқатынмын. Үнемі жылай беретінмін. Үнемі ойыма тыныштық бермейтінмін. Өмірімнің быт-шыты шыққан кезі сияқты көрінетін. Баланы дүниеге әкелгенде, "сау бала туыла ма екен" деген қорқыныш билейтін де тұратын. Осы қорқынышыма орай Алла маған сондай қыз берген-ау", - деп сол күндері еске алды Индира Расылхан.

Сондай-ақ әнші қызының бір жасқа толғанында сауығып кетпесе, о дүниеде өзіне шапағатшы болуын Алладан тілегінін айтады.

"Жасы бірге келгенде, "Егер де осы қызға бұл өмірде аяғына тұрып кететіндей денсаулық берсең, өмірін ұзақ ет. Егер де денсаулығы жақсаратындай болмаса, ахиретте менің алдымнан шапағатшы ет" деп Алладан дұға тіледім. Шынында да қайбір ана баласын өлімге қисын. Бірақ баламның қиналмай кетуі үшін, мен осылай етуге мәжбүр болдым", - дейді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807206-indira-rasylhan-dertke-saldykkan-tgys-kyzy-zajly-ajtyp-zan-syryn-aktardy/

pixel