"Любовь напрокат" телехикаясының кейіпкерлері мен желісі жайлы не білесіз?
Жарияланған күні:
"Любовь напрокат" телехикаясы 2015 жылы жарық көрген. Алайда танымал түрік телехикаясы бүгінгі таңға дейін сұраныста жүр. Ерекше әрі жеңіл желісімен киносүйер қауымның жүрегін жаулап алған хикаяның кейіпкерлері жайлы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
"Любовь напрокат" телехикаясының желісі
Желі бойынша Омер - табысты кәсіпкер. Оның жалғыз әпкесі оны АҚШ-та білім алған бойжеткенге үйлендіргісі келеді. Алайда әпкесінің талғамын ұнатпаған ер адам оның көзінше дәмханадағы даяшы қыздардың бірін сүйіп алады. Мұны көрген әпкесі даяшы қызға қаражат ұсынып, оны жиеніне үйлендіруді жоспарлайды. Бірақ сері жігіттің жүрегін жаулап алу үшін әпкесі мен бойжеткен аянбай тер төгу керек болады. Олардың ойға алған ісі орындала ма екен?
Эльчин Сангу
Эльчин Сангу 1985 жылы 13 тамызда Түркияның Измир қаласында дүниеге келді. Жирен шашты, ерекше келбетті бойжеткен бүгінде миллондаған көрерменнің сүйікті актрисасына айналып отыр.
Эльчин бала күнінен өнерге деген қызығушылық білдірген. Актрисаның кино әлемінде тұрақтауына тек өнері ғана емес, сондай-ақ, сырт келбеті де әсер еткен. Оның сұлулығы түрік қыздарының ішінде оны өзшелей алған. Себібі арудың әкесі черкес ұлтынан шыққан. Актриса екі жаста болғанда әкесі анасын тастап кеткен.
Эльчин Сангудың кино әлеміндегі жолы "Бесценное время" телехикаясынан бастау алған. Осы туындыдан кейін актрисаға басқа жобаларға шақыртулар келе бастаған.
Эльчиннің ешқандай тәжірибесі жоғын білген режиссерлар, қыздың тұнып тұрған дарын екенін түсінген.
Ару "Какой размер носит любовь", "История одной любви", "Курт Сеит и Александра" атты жобаларда басты рөлдерді сомдады.
2015-2016 жылы актриса "Любовь напрокат" телехикаясына түсіп, өзінің рөлін тамаша алып шығады.
2018 жылы "Безжизненные" және "Столкновение" телехикаяларында басты рөлдерді сомдайды.
Барыш Ардуч
Барыш Ардуч 1987 жылы Швейцариядағы Шерцинген қаласында дүниеге келген. Барыш дәулетті отбасынан шыққандықтан, оның ата-насы балаларының білімінен қаражат аямаған.
Сол себепті актер бірнеше тілді бірдей үйрететін мектепті бітірген. Сондай-ақ мектепте оқып жүрген кезде спортпен айналысып, жоғарғы оқу орнына түсу кезінде Спорттық академияны таңдайды.
Алайда ол жерде жігіт шығармашылыққа бет бұрады. Сондықтан, оқуын тастай сала, Барыш актерлік шеберлік курстарына қатысады.
Ол өзінің алғашқы рөлдерін театр сахнасында ойнады. Алайда көп ұзамай кинематографта да бағын сынап көрді.
Барыш Ардуч алғаш рет "Лихая семерке" телехикаяына түсті. Осы жобадан кейін актердің ісі өрге домалап, мансабы көтеріле бастайды.
2015 және 2016 жылы актер "Ең үздік телевизиялық актер" және "Жыл ер азаматы" атақтарына ие болды.
2012 жылы Барыш "Не беспокойся за меня" телехикасында ойнап, 2014 жылы "Только ты" хикаясына түседі.
Сонымен қатар, 2015-2017 жылы "Любовь нгапрокат" телехикаясында басты рөлді сомдайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808127-lubov-naprokat-telehikaasyny-kejipkerleri-men-zelisi-zajly-ne-bilesiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.