Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есі дұрыс емес шығар" дедім: Керменбаев әйелімен қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев өзіне екі ұл сыйлаған жұбайымен қалай танысқанын жасырмай айтып берді. Әншінің "Компромат" бағдарламасына берген сұхбаты qaz.stars парақшасында пайда болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, келіншегі оның концертіне келіп, сыйлық табыс еткен.

"Концертте ол кісі маған дұға жасап тұрған алақанның мүсінін сыйлады. Мен алып, рахметімді айтамын. Сосын ол менімен қолтықтасып, жүріп алады. Мен түсінбеймін. Ойладым, есі дұрыс емес шығар деп. Қазір жарым туралы олай айтып жатқаным ұят шығар. Бірақ шындық солай болды.

Сол кезде қоштасып, концерттен кейін кетіп қалдық. Сосын айналадағы адамдарда "Жасың 25-ке келді. Қашан үйленесің?" деп айтыла бастады.

Содан сол қыздың пікір жазғаны есіме түсіп, оны іздедім. Оның парақшасына кіріп, хат жазып, телефон нөмірін алып алдым.

Сосын оны Алматыға шақырдым. "Алматыға келгенде хабарлас. Бірақ ертерек айт. Мен Қаратауға, Таразға бара алсам, хабарласамын" дедім. Сөйтіп жүргенде өзі "Үш-төрт күнде ағайын-туыстың тойына барамыз" деп хабарын берді. Сол кезде екінші рет кездестік", - дейді әнші.

Өнер иесі үшінші кездесуде болашақ жұбайын анасымен таныстырып, тойға дайындықты бастап кеткен.

"Сол кезде біраз сұрақ-жауап, бір-бірімізбен танысу болды. Барлығы маған ұнады. Келесі күні анам Жезқазғаннан келетін болды. Сол күні анаммен таныстырып, үшінші рет кездестік. Анама "Ұнай ма? Сіздің көңілімізден шықты ма?" деп айттым.

Анам "Саған ұнаса болды. Жалпы бізге қатты ұнады" деді. Сосын шыққаннан кейін Назеркеге "Анаңа айт. Тойға дайындала берсін" дедім. Төртінші рет ұзатуда кездестік", - деді Нұржан Керменбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808412-esi-drys-emes-sygar-dedim-kermenbaev-jelimen-kalaj-tanyskanyn-ajtyp-berdi/

pixel