Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұтсаң, ұзағырақ қораға кіресің": Бағлан Әбдірайымов құмар ойын жайлы кітап жазып шықты

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын құмар ойынның шырмауына шырмалғанын ел алдында мойындаған Бағлан Әбдірайымов кітап жазып шықты. Әнші Instagram парақшасында жаңа туындысынан үзінді жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші мұндай ойындарды қою үшін оны не үшін ойнайтыныңды ақтап алу керектігін айтты.

"Әр ойнаған сайын ұтсаң, ұзағырақ қораға кіресің. Өйткені эмоциямен алдыңды болжай алмайсың. Ал ұтылсаң "енді ойнамаймын" деп мың уәде бересің. Алайда ақша түссе ұмытып қалып, қайта барасың. Не үшін ойнайсың? Осы сұраққа жауап тапсаң қоюдың жолын тапқаның. Қарыздан құтылу үшін ойнасаң, армандапсың. Ол - балшық! Қозғалған сайын бата бересің.
Ал жай азарт басу үшін болса, осы жерден басқа азартқа ауысып үлгеріңіз. Мысалыға спорт, табиғат, саяхат. Бұл қолдан келмей жүрсе, достармен көңіл көтеруді әдетке айналдырыңыз. Есіңізде болсын, бәлені бәле қайтарады. Одан қорықпаңыз", - дейді өнер иесі.

Сондай-ақ "Жігіттер" тобының әншісі мұндай жеңіл жолмен табыс табудан құтылудың әдіс-тәсілін де айта кеткен.

"Ақыл сұраған оқырманыма "Егер саналы, есті "азартникпін" десеңіз ойынға жұмсар ақшаның 10% садақаға беріңіз. Шын мұқтажды тауып, өз аяғыңызбен барып, өз қолыңызбен табыстаңыз. Тәубеңе келтіреді. Сол бейне көз алдыңызда тұрып, "ставка, мнение" дегенге кәдімгідей кедергі келтіреді.
Жиі қайталап әдетке айналдырсаңыз құтыласыз! Сізде өмір бойы екі таңдау бар. Қарызға кіріп берекең қашып, мүгедек немесе өліп қалған жақсы ма? Әлде осы жерден тоқтап, есіңді жиып, еліңе, ортаңа, отбасыңа пайдаң тигені жақсы ма? Ойланыңыз" деп жауап бердім.
Бұл қоғамдағы жазылмас дерт болып көрінеді. Олай емес. Бәрі өз қолыңда. Жақын күндері жарық көрер "Ақ пен Қара" кітабым да осы тақырыпты кеңінен қозғап, ашып береді. Оның әрбір "азартникке" ойынды қою үшін таптырмас құрал екенінен күмәнім жоқ", - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809015-tsa-zagyrak-koraga-kiresi-baglan-bdirajymov-kmar-ojyn-zajly-kitap-zazyp-sykty/

pixel