Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал түркиялық жұлдызды жұп екінші сәбиінің өмірге келуін күтуде (видео)

Опубликовано:

Қалың көпшілікке "Сүлеймен сұлтан" телехикаясы бойынша танылған түрік актері Халит Эргенч мен оның жары танымал актриса Бергюзар Корель жақында екінші рет ата-ана атанбақ деп хабарлайды oane.ws сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, түрік өнер қайраткерінің жары араға тоғыз жыл салып, тағы да ана бақытын сезінуге дайындалып жатыр.

Халит Эргенч әйелі екеуі екінші баласының дүниеге әкелуге бұрыннан дайын болғанын алға тартты.

Бергюзар Корель өз кезегінде, бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірген жоқ.

Сонымен қатар желіде аяғы ауыр актрисаның видеосы тарады.

Айта кетейік, жұлдызды жұп "Мың бір түн" телехикаясының түсірілімі кезінде танысқан. Сериалда ғашықтарды сомдаған қос актердің жасанды махаббаты кейін шынайы сезімге ұласқан.

Аталмыш хикаяның түсірілім кезінде Халит Эргенч отбасылы болған. Алайда, ол 2008 жылы ажырасып, 2009 жылдың тамызында Бергюзар Корельге үйленді.

2010 жылы ерлі-зайыптылар алғаш рет ата-ана атанып, Әли есімді ұлдары дүниеге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812559-tanymal-trkialyk-zldyzdy-zp-ekinsi-baladaryny-mirge-keluin-ktude-video/

pixel