Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасында үйленді

Опубликовано:

82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов үйленді. Желіде халық әртісінің үйлену тойынан суреттер мен бейнежазбалар тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісіндегі ақпаратқа сәйкес, халық әртісінің үйлену тойы кеше өткен.

Нұрғали Нүсіпжановтың таңдауы КТК арнасындағы "Жүрекжарды" бағдарламасын жүргізген журналист Жадыра Сейдешке түскен.

Ерлі-зайыптылардың арасы 40 жас болып шықты. Бұл жаңалықпен аталмыш арнаның тележүргізушісі Гүлмира Әбіқай бөлісті.

Ал Tengrinews агенттігіне бұл ақпаратты Қуандық Ешмет растаған.

"Нұрғали ағамызды жақсы танимыз ғой. Ол расталған ақпарат. Мен өзім ол тойға бара алмай қалдым. Керек десеңіз видеосын да жариялай аламын" , - деген ол.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813172-nrgali-nsipzanov-82-zasynda-jlendi/

pixel