Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық өнер жұлдыздары Бесбаевты жаңа қызметімен жарыса құттықтауда (фото)

Опубликовано:

Күні кеше отандық эстрада жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жаңалықты естіген әншінің әріптестері оны жаңа қызметімен жарыса құттықтап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: Instagram
Коллаж KAZ.NUR.KZ. Фото: Instagram: Facebook

Өнерпаздар құттықтауларын өз Instagram парақшаларында жариялаған. Олар әріптестерінің бұл қызметке лайық екенін алға тартып, қызметінің берекелі болуын тілеген.

"Мейрамбек аға қызметіңіз құтты болсын! Бұл жұмысты Сізден артық ешкім жасай алмайтынына кепілдік беремін! Қызметіңізде абыройлы болыңыз! Мақтанамын Сізбен!", -деп жазған Қайрат Нұртас.

Ал "МузАрт"тобының бұрынғы солисі Мақсат Базарбай өнер әлеміне шын жанашыр адам келгеніне қуанышты екенін айтты.

"Ал досым. Жаңа қызметің құтты болсын, енді өнерге жұмыс жасайтын жанашыр келді. Дұрыс болды, жарайсың, досым", - деді ол.

Әріптесіне шын жүректен тілектес болған актер Азамат Сатыбалды да Бесбаевқа үлкен сенім білдірді.

"Қасым-Жомарт Кемелұлының көңіл қуантарлық жолдауынан кейінгі естіген жақсы жаңалығым. М.Бесбаев Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Мәке құтты болсын. Аманат арқалап ел үшін қызмет жасайтын уақыт келді және де сен соған әбден лайықты азаматсың. Бастаған ісіңе берекет бергей. Алла жар болсын", - деді ол.

Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі атанған әншіні құттықтағандар қатарында Бағым Мұхитденова, Кенжебей Жанәбілов, Мөлдір Әуелбекова, Ернар Айдар мен Серік Ибрагимов, сондай-ақ, Айгүл Иманбаева мен Мадина Сәдуақасова, Тамара Асар мен "Меломен" тобының жігіттері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814407-otandyk-ner-zldyzdary-besbaevty-zaa-kyzmetimen-zarysa-kttyktauda-foto/

pixel