"Сегіз қырлы": Пианинода ойнаған Нұрлан Әлімжановқа ел сүйсінді (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Әлімжанов пианинода әлемге әйгілі туындыны ойнап отырған видеосын Instagram парақшасына жүктеді. Желі қолданушылары "сегіз қырлы, бір сырлы" әншіге жылы лебіздерін жаудырып, өнеріне тәнті болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Нұрлан Әлімжанов жанкүйерлеріне әлемге әйгілі "Той маршы" туындысын орындап берді.

Әнші оқырмандарына өзінің пианиноны меңгергенін көрсетіп қалды. Аспапта мүдірместен ойнап шыққан мәжіліс депутатын жанкүйерлері жер көкке сыйғызбай мақтады.

"Сегіз қырлы, бір сырлы, нағыз азаматсыз", "Браво", "Жарадыңыз", "Қолыңыз дерт көрмесін", "Керемет", "Қалай тамаша ойнайсыз?!", "Сіздің өнеріңіз бен қабілетіңізді бағалаймын", "Өнеріңіз өрге жүзсін", - деп жазды олар.

Сонымен қатар, жанкүйерлер арасында Әлімжанов осы туындымен жақын арада үйленетінін астарлап жеткізбек деген пікірлер де болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815014-segiz-kyrly-pianinoda-ojnagan-nrlan-limzanovka-el-sjsindi-video/