Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғашығымен сүйіскен видеосын жариялаған отандық актриса елден сөз естіді

Опубликовано:

Отандық жас актриса әрі вайнер Айым Сейтметова желіде болашақ күйеуімен сүйіскен видеосын жариялаймын деп қызу талқыға түсті. Көпшілік танымал арудың қылығын ерсі санап, оны аяусыз сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кино саласында өзін танытып келе жатқан бойжеткен сүйіктісімен түскен бейнежазбасын Instagram парақшасында жариялаған.

Алайда, қос ғашықтың сүйісіп тұрған сәтін елге паш еткені желі қолданушыларына ұнамай қалған болу керек.

Олар жас актрисаның қылығын жақтырмай, оны сыни пікірлердің астында қалдырды.

Айта кетейік, Айым Сейтметова отандық танымал актерлар Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Бойжеткен ата-анасының жолын қуып, кино саласына бет бұрған.

"Не болды соншама? Осы қылық сған лайық па? Ибалы болсаңшы" , "Ерін көрмеген ғой" , "Айналып келіп, ерніне жабыса береді екенсің" , "Қателік жасадың" , "Оған тұрмысқа шықпа, кеш болмай. Өкінесің" , - деп жазуда көпшілік.

Алайда, ғашықтардың видеосына тәнті болып, оларға бақыт тілеген оқырмандар да болды.

Жақында танымал аруға кәсіпкер жігіті үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Қос ғашық тойға дайындықты бастап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815242-gasygymen-sjisken-videosyn-zarialagan-otandyk-aktrisa-elden-sz-estidi/

pixel