"Масқара": Тойда бір-бірінің үстіне жатып алған жігіттер жұрттың ашуына тиді
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде тойда ойынға қатысқан жігіттердің видеосы тарады. Көпшілік жарыстың қызығына еніп, бір-бірінің үстіне жатып алған азаматтарды сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода "қырықаяқты" көрсетпек болған азаматтардың бір-бірінің үстіне жата салғанын аңғаруға болады. Ойынға қатысқан олар "қырықаяқ" түрлерін де айтып, жұртшылықты күлдірген.
Ал бұл видеоны көрген көпшілік көңілді жігіттерді сынап тастаған.
"Ақырзаман деген осы-ау", "Сұмдық қой" , "Масқара", "Ұят", "Қызық емес", "Ойын орнымен болу керек", "Қанша кішкентай бала тұр" деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816566-maskara-tojda-bir-birini-stine-zatyp-algan-zigitter-zrtty-asuyna-tidi-video/