Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уәлибек Әбдірайымов Есен Елеукен мен Тұрсынбектің жанжалына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

"Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысы Уәлибек Әбдірайымов әзіл әлеміндегі інілері Есен Елеукен мен Тұрсынбек Қабатовтың жанжалына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл даудың туындауына не себеп болғанын айтып, кімнің ойын дұрыс санайтынын жеткізді деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Twitter

Танымал әзілкеш Қабатов пен Елеукен не бөлісе алмай жүргенін ашық айтты.

"Қазір осыны айтсам, Тұрсынбек те, Есен Елеукен де ренжиді. Біз қазақ болғаннан кейін қазақ қалжынына қызмет етеуіміз керек еді. Екеуі де ақыры сол жобаны Ресейден алған екен. Ресейдің КВН шарасын қазақша қылып енгізейін деген. Солардан үлгі алғаннан кейін неге аяғына дейін алмады? Не "Жайдарман", не "КТА" болып қалмады ма? Біреу ғана, екеуі де бірдей ғой. Олар осыны істегенде мен оларға кешірім беретін едім.

Олардікі жарыс, екеуінікі бірдей. Тек марапаттау мен сыйлық беруі ғана әртүрлі. Тіпті әзілдері де бірдей. Неге онда бірікпейді? Бөлісе алмайды. Нан бөлісе алмайды, сөздің ашығына келгенде.

Мәселен, Тұрсынбекке "Әзіл әлемі" деген жобасы жетер еді. Оған да шақырып жатыр еді. Есен Елеукен ағасна барып, "Аға көмектесейін мен "Жайдарманға", анда-санда барып тұрайын қазы ретінде, сіздерден шыққан мықтыларды өзіме алып тұрайын" деп айтуы керек еді. Онсыз да жобалары көп қой оның. Бәрі бір сарынды, сол КВН-дегі жігіттер әзіл айтады. Арасында олардың қасына жұлдыздарды қосып қояды.

Көп жобаны бұларға біреу ғана қылу керек еді. Болды. Сосын қасына біреуді жинады ма, өзінен де мықтыны жинау керек еді. Мына сөзімді естісе, кешірсін. Мен өзіме бір адамды шақырам, өзімнен мықтыны таңдаймын" , - дейді Уәлибек Әбдірайымов.

Айта кетейік, бұған дейін Есен Елеукен мен Тұрсынбек Қабатовтың дауына қатысты жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1817887-ulibek-bdirajymov-esen-eleuken-men-trsynbekti-zanzalyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel