Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық шоу бизнестегі арулар неге тұрмысқа шығуға асықпайды?

Опубликовано:

НТК телеарнасындағы Ревю бағдарламасының тілшісі қазақстандық шоу бизнестегі сылқымдардың неге тұрмысқа шықпай жүргенін анықтап көрді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әншілер мен әрістердің әлеуметтік желідегі парақшасы
Фото: Әншілер мен әрістердің әлеуметтік желідегі парақшасы: Instagram

Түрі, дене бітімі, айтқан сөзі мен көзі кез-келген жігітті баурап алатын арулардың көбі тұрмысқа шығу туралы сұрақты естісе ат тонын ала қашады.

Солардың қатарында Кәмшат Жолдыбаева да бар. Белгілі әнші бұл сұраққа жауап бермейтінін кесіп айтты.

Ал Мақпал Исабекова жеке өмірі туралы тіс жарғысы келмейтінін білдірді.

Отандық шоу биснестегі аруларға Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегнова өз ақылын жеткізді.

"Қыз баланы ертерек тұрмыс құрғаны дұрыс, әйтпесе кейін күйеуге шыққан қиын болады. Ерке болып өскен қыздар, ерке боламын деп жынды болған сонда болады", - деді ол.

"Қазақ бұлбұлының" сөзін Жанна Орынбасарова да қолдады.

"Қазір өмір басқа ғой. Мысалы, қазір ажырасып кеткендер қайта екінші рет, үшінші рет күйеуге шығып, одан да жақсы шығып жатқандар бар. Ода тұрған несі бар? Олардың бағы да ашылып кетіп жатыр", - деді ол.

KAZ.NUR.KZ порталы шаңырақ көтеруге асықпайтын сылқымдардың тізімін жасады.

1. Әсел Садуақасова

2. Мақпал Исабекова

3. Анара Батырхан

4. Жанар Дұғалова

5. Кәмшат Жолдыбаева

6. Құралай Анарбекова

7. Жания Джуринская

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818463-otandyk-sou-biznestegi-arular-nege-trmyska-syguga-asykpajdy/

pixel