Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сен менің барымсың": 41 жасқа толған Жазираны жұбайы ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Белгілі әнші Жазира Байырбекованы туған күнінде жары Жанболат Ербатыров ерекше құттықтады. Ол жұбайын бір құшақ раушан гүлімен әуежайдан күтіп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанболат құттықтау сәтінің видеосы Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, "Туған күніңмен, Жазира. Сен менің барымсың, бағымсың, жанымсың!" - деген жазба қалдырды.

Кейінірек Жазира алғыстарын жарыса жазып жатқандарға да рахметін жеткізуді ұмытқан жоқ.

"Ыстық ықыластарыңызға, тілектеріңізге, ниеттеріңізге үлкен рақмет. Маған не тілесеңіздер, сіздерге екі есе тілеймін", - деді әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген.

Жұлдыз жұптың бір ұлы бар. Алайда соңғы кезде ерлі-зайыптылардың қызды болғаны жайлы қауесет ел аузында жүр. Дегенмен бұған қатысты жұбайлар ресми түрде жауап бермеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1819733-sen-meni-barymsy-41-zaska-tolgan-zazirany-zbajy-erekse-kttyktady-video/

pixel