Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешірім сұрайтын ойымыз жоқ": Айдарбекова "Шаншардың" басшысына жауап берді

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова жұлдызды ұлын сынның астына алған танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовқа жауап берді. Қайрат Нұртастың продюсері "Шаншар" әзіл-оспақ театрының басшысының реніші орынсыз екенін айтып, мәселенің мән-жайын жайып салды деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Қазақстандық шоу-бизнестегі хитменнің анасы ұлын себепсіз сынауға жол бермейтінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айдарбекова Қайрат Нұртасқа қатысты кері пікір білдірген жерлесі Уәлибек Әбдірайымовқа жауап қайтарды.

Жұлдызды продюсер екі тараптың келіспешілігінің басты себебін түсіндіріп өтті.

"Бұл жерде менің таңғалатыным: біз уәде беріп, жарнамалатып тұрғанда Қайрат бармай қалса, мен түсінер едім. Ол кезде мен кінәлі болар едім. Ал бұл жерде шын мәнінде біз басынан бастап айттық.

Бұл жерде Уәкең екі мәселеге өкпелеп тұр. ЭКСПО-дағы концертті айтып, хабарласты. Мен бірден тапсырысымыз бар екенін түсіндірдім. Ол кісімен тіпті ақшасын да келіскен жоқпыз.

Бірақ, "бағаны өзіміздікіндей қойсаңдар жақсы болатын еді" деп былай айтты. Қатып қалған ақша жоқ.

Біз күнде жұмыстарымен ұмытып кетеміз. Бірнеше күннен соң, маған басқа жігіттер хабарласты. Айтып тұрғандары сол концерт болды" , - деп ағынан жарылды Қайрат Нұртастың анасы.

Гүлзира Айдарбекова өзіне қоңырау шалған азаматтарды Әбдірайымовтың таныстары деп ойлап қалғанын жеткізді.

Сол себепті, ол ұят болмас үшін келісіп қойған тойдан бас тартып, аталмыш шараға қатысуға ниет білдірген.

"Той иелерімен "келер жолы міндетті түрде болып береміз, ақшасын еселеп қайтарып береміз., шымкенттік деп жатырсыздар, барады" деп келістік.
Сосын Қайрат барғаннан кейін Уәкеңнің ренішін естідім. Мен ол кісіге хабарласып, өзіме қоңырау шалған жігіттердің сол кісінің адамдары деп ойлап қалғанымды айтқанмын.

Содан кейін дереу әлгі азаматтарға жаздым. Олардан "Уәкенің адамдары емессіздер ме не?" деп сұрадым. Олар ол кісіні танымайтындарын айтты. Ол хабарламаларды Уәкенің өзіне де жібергенмін. Оған "бәрі бір концерт болған соң, солай ойлап қалдым. Негізі сіз үшін жіберген едім" деп айттым. Бұл - бірінші реніші.

Екінші мәрте өзінің концерті кезінде болды. Ол кезде өзі емес, Әділ деген ұйымдастырушы жігіт бірнеше рет хабарласты. Мен оған желтоқсан айына біздің келісіп қойған біраз жұмысымыз бар екенін айттым.
Шетелде болуымыз мүмкін дедім. Сол жұмыстарымыз іске асып кетсе, сол концрт екен деп бармай қалуымыз мүмкін емес қой. Сол үшін жарнамаға шығартпадым" , - деді Айдарбекова.

Оған қоса, отандық жұлдыздың анасы өздеріне өкпелі жерлесінен кешірім сұрамайтынын басып айтты.

"Ешқандай кешірім сұрайтындай ойымыз жоқ. Ол кішкене көкіректікке салынып отыр деп ойлаймын. Бірақ, ол кісімен сыйластығымыз сондай жоғары еді. Көрген жерде құшақтасып, амандасатынбыз.
Кешірім сұрайтындай нәрсе болса, оған көкірегім түсіп қалмайды. Керек болса, Қайратқа да сұрататын едім. Менің кінәмнің жоқтығы - жарнамаға шығартпағаным. Сол үшін мен кінәлі емеспін" , - деп қайырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1820783-kesirim-srajtyn-ojymyz-zok-ajdarbekova-sansardy-bassysyna-zauap-berdi/

pixel