Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актерлерді әбігерге түсірген су жаңа "Жат туыстар" телехикаясының желісі қандай

Опубликовано:

Осы дүниеде адам баласына бұйырған сыйлықтардың бірі – ағайын-туыс. Зар еңірегенде жұбататын, қиналғанда арқа сүйерің, қуанғанда сенімен бірге шынайы шаттанатын, еркелігіңді көтеріп қателігіңді  кешіре білетін – туыстар. КТК арнасының түсірген "Жат туыстар" телехикаясы тап осыны бейнелейді.

Фото: КТК
Фото: КТК: UGC

Әр көрерменге ой салып, әр кейіпкерге қарап өзін немесе танысын көріп, ойланар деген ниетпен.

Сериалда әкесінен қалған қара шаңырақты бөлісе алмаған ағайындар арасында алауыздық туып, туыстар жатқа айналады. Бір анадан туғанмен, арасы алшақтап кеткен ағайындылар әкесінен қалған мұраға таласып талай жылдан соң қара шаңырақта қайтадан бас қосады. Сериалды ю-туб арнасынан қарауға болады. 

"Жат туыстар" сериалына еліміздің өзге өңіріндегі театрлардан да жас әртістер тартылды.Фильмде мелодрама, детектив пен экшн жанрының элементтері көп. Іріктеу кастингінде бірталай қиындық болғаны жасырын емес. Себебі, телехикаяда ашық сахналар бар. Сериалды ю-туб арнасынан қарауға болады. 

Фото: КТК
Фото: КТК: UGC

Әсіресе Дананы таңдау өте қиын болды. Өйткені ол өзінше ашықтау қыз. Сол себепті көп актриса келісе алмады. Таңдау тым қиын болды. Жалпы, жобамызда жаңа актерлер өте көп, жақсыларын таңдадық", - дейді кастинг директоры Марина Сүлейменова.

Жанар Мақашева, актриса: Айгүлдің рөлін сомдадым. Ол үлкен ағасының әйелі. Мінезі сан қилы болғандықтан рөл маған өте қызық. Күйеуінің көзіне шөп салып жүрген адам.... Захира Рақымжан, Баянның рөліндегі актриса: Маған ерекше рөл бұйырды. Мұндай оқиға өмірде болады деп ойламаппын. Балалық өмірден енді қадам басып жатқан қыз қанша қиындыққа тап болады. Бала тұрмақ, үлкен кісілер көтере алмайтын жағдай басынан өтеді.

Фото: КТК
Фото: КТК: UGC

Бексұлтан Әкімжан, Асқардың рөліндегі актер: Асқардың өзіне тән бір мінезі бар. Соны ашу міндетім болды. Экшн элементтері бар фильмге түскенді баяғыдан армандаған едім.

Дәстен Шәкіров, актер: Маған Талғаттың образы өте қызық болып көрінді. Өйткені оның образы бір жерде жақсы, бір жерде жаман. Негізі ол барып тұрған алаяқ, әккі жігіт. Жалпы кинода, телехикаяда жағымсыз кейіпкерді сомдаған өте жақсы, өте қызық

"Шынайы өмірде де мұндай адамдар жоқ емес. Сол себепті де, осы сериал арқылы көрерменге ой салғымыз келеді. Қазір адамдар жылылық дегенді ұмытқан секілді. Адами қасиет, мейірімділік жоғалып бара жатқандай. Отбасы деген терең ұғымды  жақсылап, жан-жақты көрсеткіміз келді",- дейді "Жат туыстар" телехикаясының режиссері Гүлбаршын Әбу-Бәкір.

Фото: КТК
Фото: КТК: UGC
"Өткеннің өз құпиясы бар. Қазір жасағаныңның нәтижесін көресің. Ол жемісін көрсетуі мүмкін немесе қиямет тартқызуы мүмкін. Қалай дегенмен ол саған сабақ болары анық. Образына кіріп кеткен актерлер тіпті тірідей көмілуге де шыдады. Оны сериалдан міндетті түрде көресіздер",- дейді "Жат туыстар" телехикаясының қоюшы режиссері Серікбол Өтепбергенов.

Туыстардың арасындағы береке – байлықпен өлшенген бақыт туралы  "Жат туыстар" – мелодрама, комедия, трагедия, экшн жанрының элементтері бар шытырман оқиғаға толы отандық туындыны әр аптаның дүйсенбісі мен бейсенбісі аралығында КТК арнасынан сағат 17.00-де қараңыз. Сондай-ақ, сериалды ю-туб арнасынан қарауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1822840-akterlerdi-bigerge-tsirgen-su-zaa-zat-tuystar-telehikaasyny-zelisi-kandaj/

pixel