Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш балам бар": Шұғыла Сапарғалиқызы алғаш рет отбасы туралы сыр шертті

Жарияланған күні:

Танымал биші Шұғыла Сапарғалиқызы алғаш рет өз жанұясы жайында сөз қозғады. Әртіс жұбайымен қалай танысқанын және отбасылық өміріндегі қызықтарымен бөлісті деп жазады "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шұғыла Сапарғалиқызы. Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Шұғыла Сапарғалиқызы. Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бүгінде елге белгілі биші үш баланың анасы.

Шұғыла Сапарғалиқызының Тамырлан мен Лашын есімді егіздері мен Әмірлан атты тағы бір ұлы бар.

Қызығы, өнер иесі жолдасымен танысқанына үш ай өткен соң, оған тұрмысқа шығуға келісімін берген.

"Алла тағала маңдайына жазса, ол нәрседен қашып құтыла алмайсың. Ол сенікі болса, әрине. Ал ол сенікі емес болса, қанша жабыссаң да түк шықпайды. Ойламаған жерден екеуміз таныстық. Ары қарай бізде өмір солай өзі басталып кетті.
Біз үш ай таныстықтан кейін үйлендік. Бірақ, кейін мен дұрыс шешім қабылдағанымды түсіндім. "Осы менің өмірім, Алланың құдыреті екен" деп ойладым. Ол кісі көбінесе қарбалас жұмыста жүретін кісі. Біз көп нәрсені ерлі-зайыпты болған соң болар, бір-біріміздің қабағымыздан біле қаламыз.
Ол кісіге ұнамайтын тақырыптарды мен қозғамаймын, қоя саламын. Әр нәрсені ақылға салып, шешуге болады. Менде де, жолдасымда да бір қасиет бар. Біз шеше алмаған бір түйінге келіп қалғанда үндемейміз. Сол кезде қоя саламыз. Кішкене суығаннан кейін, шай үстінде бір-бірімізден кешірім сұрай саламыз" , - дейді биші.

Оған қоса, Шұғыла Сапарғалиқызы балаларына ат қоярда жолдасы екеуінің басынан өткен қызықты жайтпен бөлісті.

"Бірінші жүктілігімде қызық жағдай орын алды. Менде егіз болды ғой, бір ұл мен бір қыз. Жолдасым екеуміз оларға ат қоймақшы болдық. Ол маған ұлдың есімін өзі қоятынын айтып, қыздың атын қоюды менің ата-анама қалдырды.

Қызымның аты Лашын, ұлым - Тамырлан. Аяғым ауыр кезде Тамырлан деген атқа елең ете қалғаным болды. Мағынасы қатты ұнады. Бірақ, жолдасым өзі қоятын болған соң, оған бұл есім жайлы тіс жармадым.

Аллаға шүкір балалар дүниеге келді. Ат қояр кезде күйеуім үш күн ойлануға уақыт сұрады. Сосын келіп, "ешқайсысы ұнамады, тек екі ат қана аузыма келді. Әмірлан болмаса Тамырлан деп қой" деген кезде төбемнен біреу бір қойғандай, жай түскендей сезіндім. Қатты таңғалдым" , - деп есіне алды Шұғыла Сапарғалиқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Шұғыла Сапарғалиқызының алғаш Қазақстанға келген сәтін есіне алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823435-s-balam-bar-sgyla-sapargalikyzy-algas-ret-otbasy-turaly-syr-sertti/