Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алмадың ғой": Атышулы "КешYou" көңілді әнмен тойға шығып кетті (видео)

Опубликовано:

Құрамы бірнеше мәрте ауысқан атышулы "КешYou" тобы жаңа ән шығарып, бірден той-томалақтарға шығып кетті. Әдетте заманауи өлеңдерді шырқайтын ұжым енді той-бизнеске мықтап кірісейін деген көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бір күн бұрын ғана бейнебаяны жарыққа шыққан әнмен "КешYou" сылқымдары тойларға шыға бастаған.

Оған Асхат Тарғынның Instagram парақшасына салған видеосы дәлел болмақ.

Әнші бұл топтың жаңа құрамының мерекелік шарада ән шырқап жатқан сәтін ел назарына көрсетті.

Видеода әнші қыздардың "Сертің қайда" атты жаңа өлеңін орындағанын естуге болады.

Желідегілер болса Асхат Тарғынға "Кешью" қыздарына жақындай бермеуін ескертті.

Айта кетейік, өнер иесінің бұл топ арулары жайлы айтқан пікірі желіде қызу талқыға түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1824972-almady-goj-kesyou-toby-kildi-nmen-tojga-sygyp-ketti-foto/

pixel