"Папасынан айнымай қалған": Жазира Байырбекова қызы туралы айтып берді
Жарияланған күні:
Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова жақында екінші сәбилі болғанын хабарлап, дүйім жұртты таңғалдырған болатын. Желідегілер әлі күнге дейін өнер иелерінен қызы жайлы жазып, толассыз сұрақтың астына алған. Осы орайда, оқырмандарының қызығушылығын байқаған жұлдызды ана Дара жайлы тың мәліметпен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова көпшілік үшін Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, қызының бүгінгі хал-жағдайы туралы айтып берді.
Өнер иесі Дараның әкесі Жанболат Ербатыровтан айнымай қалғанын да жеткізді.
Екінші мәрте ана атанған эстрада жұлдызы сәбиінің күнде бір жаңа қылық шығаратынымен бөлісті.
"Дараны сұрап жазып жатқан инстадостар үшін. Дара қатайып келеді. Гуілдейді, тырқылдап күледі анда-санда. Папасы Жанболат Ербатыровтан аумай қалған. Үйде қайныларым, қайын сіңлім, Қазбек көкесі кезек-кезек көтеріп, қолға үйретіп алдық. Күнде бір қылығы шығады" , - деп жазды Жазира Байырбекова.
Желідегілер көптің сұрауын орындаған жұлдызды анаға риза болып, оның отбасына өз жылы лебізін білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін Жазира мен Жанболаттың екінші мәрте ата-ана атанғанын хабарлаған болатынбыз. Жұлдызды жұп Дара есімді қызының дүниеге келгенін біраз уақыт елден жасырып жүрген.
Кейін сәбидің бесік тойынан желіде видео да тарады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832208-papasynan-ajnymaj-kalgan-zazira-bajyrbekova-kyzy-turaly-ajtyp-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.