Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көзі от, фигурасы хот": Айқын өзінің қыз кейпіндегі мүсінімен желіні жарды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Айқын Төлепберген қыз болып туылғанда қандай болатынын сипаттап берді. Әнші желіде әйелі Жұлдыз Өмірғали екеуінің фотошоппен өзгертілген суретін жариялап, желідегілерді әбден күлдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желі қолданушылардың қызу талқысына қалған фотоны өнер иесінің өзі Instagram парақшасына салған. Онда Айқын мен Жұлдыздың бет-әлпеттері бір-біріне ауысып кеткен.

Нәтижесінде Айқын денелі арукейпіне ие болса, оның жары мінсіз мүсінді ер адам болып қалған. Күлкілі шыққан суретке қарап шабыттанған эстрада жұлдызы өзі шын мәнінде қыз болып дүниеге келгенде қандай болатынын ойланған. Артынан бұл ойымен ол өз оқырмандарымен бөліскен.

"Мен қыз болсам, көзі от, фигурасы хот, мурыны томпиған, еріні салпиған, жігітін өзі-ақ өрге сүйрейтін пысық қыз болатынға ұқсаймын. Олай болмағаны қандай жақсы" , - деп жазды Айқын Төлепберген.

Желідегілер әншінің бұл әзіліне қарық болып, оның фотосының астына пікір жарыса қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын мен Жұлдыздың ұрысып қалғандай кейіп танытқан суреті тарап кеткен болатын. Көпшілік жұлдызды жұптың қарым-қатынасы үшін алаңдаушылық білдірген.

Сонымен қатар, Айқын тағы да белсенділік көрсетіп, оңтүстік астана Алматы атауын өзгертуге қатысты өз ойын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832475-kzi-ot-figurasy-hot-ajkyn-zini-kyz-kejpindegi-msinimen-zelini-zardy-foto/

pixel