Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің 390 мың доллар тұратын сағат тағатыны рас па (фото, видео)

Опубликовано:

Желіде Димаш Құдайбергеннің бағасы шамамен 390 мың доллар тұратын сағат тағатыны жайлы мәлімет пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/insaneluxurylife. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/insaneluxurylife. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Instagram желісінде жарияланған ақпаратқа сай Димаш Құдайберген аса сирек кездесетін қызғылт алтын түсті Astronomia Solar Zodiac сағатын тағып жүр.

Оны әлемге әйгілі Jacob&Co бренді жасап шығарған.

"Димаш Құдайбергеннің қолында аса сирек кездесетін қызғылт түсті Astronomia Solar Zodiac cағаты бар. Astronomia күнді өзінің заңды орнына орналастыруға арналған. Танымал дизайнер Джейкоб цитрин пішіндес 1,5 каратты қиып ғаламшардың дәл ортасына, яғни циферблаттың қақ ортасына орнықтырған. Брендтің ойластырған арнайы кесіндісі 288 бөлек қырдан тұрып, тасты аса ерекше әрі тартымды ете түседі. Бұл сағаттар 389 172,00 АҚШ доллар тұрады" , - деп жазылған жазбада.

390 мың долларға жуық тұратын сағаттың құны теңгеге шаққанда шамамен 150 миллион теңге.

Димаштың суреті жарияланған парақшада қазақ баласынан өзге де голливудтық актерлар мен әйгілі спортшылар тағатын сағаттардың құны айтылған.

Айта кетейік, бұған дейін Есболат Беделханның Димаш Құдайбергенді шетелде домбыра шерткені үшін сынға алғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, белгілі отандық блогер Марғұлан Сейсембай Димашқа өз репертуары ауадай қажет екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832699-dimas-kdajbergenni-tagatyn-sagaty-390-my-dollar-tratyny-ras-pa-foto-video/

pixel