Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Бақаева Роза Рымбаеваның жақсылығын есіне алып, көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

"Арнау" дуэтінің әншісі әрі актриса Салтанат Бақаева басынан өткен қиын кезеңде өзіне қол ұшын созған Роза Рымбаеваның жақсылығын есіне алып, көз жасына ерік берді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Оңай емес" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сұхбат барсында Салтанат Бақаева өнер жолында жұлдызының жануына "Өнер акдемиясында" ұстаздарының бірі болған Роза Қуанышқызының үлесі зор екенін айтты.

Әншінің сөзінше, өнерде жолы болмай жүргенде халық әртісі көмекке келген.

"Осындай үлкен кісі мен жайлы осылай айтқанда қалай жыламайсың? Өйткені, сол кезде шын мәнінде мен қатты қиналдым. Театрда қатты жұмыс істегім келді. Бір емес, үш рет бардым. Жұмысқа тұра алмай қатты көңілім босаған сәттер болатын. Мен "мүмкін мен үшін өнердің есігі жабық шығар" деп ойладым.
Бірақ, Аллаға шүкір Роза Қуанышқызының қолдауымен, сол кісінің арқасында арманым орындалды. Сол сәтте де, "Арнауға" өтіп кеттім. Мен үшін жұмыс жағынан айтқанда өте мықты жыл болды" , - деді Бақаева.

Әнші өнердегі тағдыры толықтай өзгерген ерекше күнді де атап өтті.

"Мен актриса болуды қатты армандадым. Сол күні бүкіл материалды жаттап келдім. Сөйтсем, сағат сегіз жарымда театрда Роза Қуанышқызы да отыр. Мен өзім таңғалып қалдым. Ол кісіге "Не үшін келдіңіз таң атпастан? Мен қазір өзім өтіп көретін едім ғой" дегенде ол маған "Жоқ мен отыруым керек. Әйтпесе, мына кішкентай қызды қайтадан жіберіп тастауы мүмкін" деді.
Тыңдалым екі сағатқа созылған шығар. Сол екі сағат бойы Роза Қуанышқызы отырды. Мен түгелдей тексерді. Содан кейін бір-ақ жұмысқа алды" , - дейді актриса.

Айта кетейік, бұған дейін Салтанат Бақаева шаш үлгісін өзгертіп, желіде қызу талқыға түскен болатын.

Оған қоса, әншінің жолдасымен түсірген бейнебая көптің көңілінен шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1832917-saltanat-bakaeva-roza-rymbaevany-kmegin-esine-alyp-kzine-zas-aldy-video/

pixel