Ерке Есмахан жүлделі екі миллион теңгесін қайрымдылыққа жұмсамақшы
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнестегі жарық жұлдыздардың бірі Ерке Есмахан тағы да марапатталды. Әнші ару "Серпін" жүлдесі мен екі миллион теңгені иеленген. Алайда, өнер иесі берілген қаржылай сыйды өзіне емес, қайырымдылық іске жаратпақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ерке Есмахан жаңа жыл алдында игі іс істейін деп жатқанын өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.
"Желтоқсан айында алған нешінші статуэткам екенінен өзім де, сіздер де жаңылысып кеттіңіздер-ау. Қысқасы, кезекті "Серпін" деген статуэткам. Бұл марапаттар ішіндегі ең "ірісі". Өйткені, менің шығармашылығым қазақ өнеріне аз да болса "серпін" әкелген деп бағаланды! Өте қуаныштымын! Статуэткамен қоса "Аида Кауменова" сән үйінің шапанын және екі миллион теңгені жүлде етіп берді.
Бұл ақшаны қайырымдылыққа жұмсаймын деп ниет етіп отырмын. Осындай "Qazaq music awards” шарасын ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, істеріне табыс тілеймін! Жыл бойы еңбек етсең, жыл соңында еңбегіңнің статуэткасын, ой жемісін жейді екенсің. Әр марапатым ата-анамның тілегі мен халықтың ыстық ықыласының арқасында! Мен соны бір сәтте болсын естен шығармайын! Жақсы көрем" , - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.
Еркенің бұл бастамасын желі қолданушылары бір ауыздан қолдап, оның асқан жомарттығын аса жоғары бағалады.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан өз туған күнінде Бауыржан Байбектің қолынан жүлде алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833005-erke-esmahan-zldeli-eki-million-tegesin-kajrymdylykka-zmsamaksy/