Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыс дегенде қыс": Ерке Есмаханның жазбасы елді шулатты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан тағы да елдің қызу талқысына ұшырады. Бұл жолы өнер иесі екі ойлы жазба жариялап, желі қолданушыларының наразылығын тудырған. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызының сөздерін ерсі санап, оны сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Оқырмандарының ашуын тудырған жазбаны ол Instagram парақшасында жариялаған.

Онда Ерке Есмахан шырша қасындағы суретін жүктеп, жазбаға "қыс дегенде қыс" деген сөздерді қалдырған.

Өнер иесінің бұл қылығы оның жазылушыларына жақпай қалған сыңайлы. Көпшілік эстрада жұлдызының жазбасын ерсі мағынада қабылдап, оны қатаң сынауға кіріскен.

"Өте мағыналы пост жазыпсыз" , "Қалай түсінеміз?", "Қандай мағынада сонда?" , "Ерсі екені сізден мұндай естіген" , "Нені қысамыз?" , "Қазақ қызына сай емес қылық" , "Ұят қайда, қай мағынада жазылса да, ерсі нәрсені меңзедіңіз ғой" , "Қатты айтып қоймадыңыз ба?" , "Ұят болды-ау деп есептемейсіз бе?", "Қыс дегенде қысқан дұрыс" , "Сөзім жоқ, не істерін білмей жүрген адам ғой" , "Сапалы әрі мағыналы дүние жазудың орнына мына жазба дұрыс болмады" , - деп жазуда көпшілік.

Алайда, желі қолданушылары арасында Ерке Есмаханның жазбасын әзіл ретінде көріп, күлкіге қарық болғандар да бар.

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмаханның QazaqMusicAwards жүлдесін ұтып алғанын жазған болатынбыз. Әнші ару жүлдемен қоса берілген қомақты қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833172-kys-degende-kys-erke-esmahanny-zazbasy-eldi-sulatty/

pixel