Таяуда ғана босанған отандық әнші қызына ерекше ат қойды (фото)
Жарияланған күні:
"Асыл" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған Ғалия Мұратованың екінші перзенті дүниеге келді. Өнер иесі жолдасына қыз бала сыйлаған. Жас ата-ана сәбиіне қандай есім бергенін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Қуанышты жаңалықпен Ғалия Мұратованың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Ол жолдасы екеуі екінші мәрте ата-ана болғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.
Анықталғандай, өнер иесі осыдан бірер күн бұрын босанған. "Асыл" тобының бұрынғы солисі тіпті, перзентханадан шығып үлгерген.
"Осы құраммен перзентханадан шықтық. Барлық дәрігерлер мен медбикелерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Әсіресе, Салтанат Темірбекқызына рахмет айтамын. Сіз бұл әлемде біздің балапандарымызды бірінші күтіп алатын жансыз. Сізбен босану сондай оп-оңай көрінеді. Мен осымен екінші рет сіздің қатысуыңызбен босандым. Сіздің қарым-қатынасыңыз бен ерен еңбегіңіз біз үшін аса құнды дүние деп білемін" , - деп жазды Ғалия Мұратова.
Жас ата-ана екінші перзентіне Лейлана деген аса ерекше ат қойған. Анасы мен қызын перзентханадан шығарып алуға әншінің жолдасы Ален Самыкенов, құрбысы Ақерке Бүркітбай мен досы Батыржан Тазабеков келген.
Ғалиямен бір топта ән салған Ақерке Бүркітбай оны перзентханадан шығарып алуға барғанына қарамастан, жас ата-ананы Instagram желісінде де құттықтап өтуді жөн көрген.
"Кішкентай бөпе өмірдің жалғасы. Ата-атасының қуанышы нәзік балапан Лейлананы бүгін перзентханадан шығардық. Қуанышта шек жоқ, толқып алдық кішкене. өпетай аман есен бойжетіп, сендерді, ата-әжесін тек жақсылығымен қуантсын" , - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байырбекованың 22 жылдан кейін қызды болғанын хабарлаған болатынбыз.
Оған қоса, биыл атышулы қалаулымдық жұп Жанерке Елшін мен Еркебұлан Ахметбек ұлды болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833353-taauda-gana-bosangan-otandyk-nsi-kyzyna-erekse-at-kojdy-foto/