Әлия Назарбаева сирек отбасылық суреттермен бөлісті (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстанның тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева сирек отбасылық суреттермен бөлісті. Ол жанұясының әрбір мүшесімен түскен фотосын Instagram парақшасында жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі ресми парақшасында анасы Сара Назарбаева мен әпкелері Динара мен Дариға Назарбаевалармен түскен суретін ел назарына ұсынды.
"Ана әрқашан жылулық шашады" , - деп жазды Әлия Сара Алпысқызы желіде.
"Әпке — екінші анаң іспетті, оған ең асыл құпияңды сеніп тапсыруға болады. Суреттер отбасылық мұрағаттан" , - деген жазба қалдырды Назарбаев әулетінің кенжесі әпкесі Динарамен тсүкен суреттің астына.
Оған қоса, Әлия Назарбаева әпкесі Дариғамен түскен фотосын жариялауды да ұмытпаған. Суретте Дариға Назарбаеваның кішкентай бүлдіршінді ұстап тұрғанын аңғаруға болады.
Қос әпкенің суретіне мынадай жазба қалдырылған:
"Әпкеңмен арада орнатқан сенімді қарым-қатынас дегеніміз кейде тіпті, сөзсіз өтетін аса мәнді әңгіме" .
Айта кетейік, бұған дейін Әлия Назарбаева әкесінің тегінде жүргенін мақтан тұтатынын жазған болатынбыз.
Оған қоса, Елбасы кенже қызын мемлекеттік сыйлықпен марапаттаған еді. Аталмыш ерекше сәт желіде қызу талқыланып, көпшілікті тәнті еткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833383-lia-nazarbaeva-sirek-otbasylyk-surettermen-blisti-foto/