Абайдың 175 жылдығын тойлауға қанша қаражат кететіні белгілі болды
Жарияланған күні:
Мәдениет және спорт министрлігі қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығын тойлауға қанша қаржы жұмсалатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Вице-министр Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, мерейтой шараларына өткізуге қосымша қаржы қарастырылған.
Дегенмен шаралардың басым бөлігі министрліктің жыл сайынғы бюджеті аясында атқарылады.
"Негізі, барлығы жылдық жоспар аясында өтеді. Осылайша, Абай бабамыздың 175 жылдығына арналған барлық шараларға 3 миллиардқа тарта ақша жұмсалады. Ол – жоспарлы қаражат.
Мысалы, Абай атындағы опера театрының гастрольдік сапарларына бөлінетін қаржы болады. Олар сол қаржыны Абайдың мерейтойына арнап, Мәскеу, Түркия мен Қытайға барады. Басқа өнер ұжымдары да солай істеп отыр", - дейді Дәуешов елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министрдің сөзінше, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған үш деректі фильмге кететін қаражат та бюджеттің есебінде бар.
Сонымен қатар Парижде ЮНЕСКО аясында бірқатар шара ұйымдастырылады.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау жоспары жалпы 82 тармақтан тұрады. Оның ішінде ірі халықаралық жəне республикалық қоғамдық маңызды ғылыми-ағартушылық іс-шаралар, конференциялар, баспасөз турлары жəне өзге де іс-шаралар бар.
Естеріңізге сала кетейік, елордадағы Еуразия Ұлттық университеті Алаш мәдениеті және рухани даму институтының ғылыми қызметкері, абайтанушы, ғалым Омар Жәлелұлы қазақтың ұлы ақынның есімі дұрыс айтылмай жүргенін айтқан еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836456-abajdy-175-zyldygyn-tojlauga-kansa-karazat-ketetini-belgili-boldy/