Мадина Сәдуақасова мен күйеуінің үйлену тойындағы суреті елді тәнті етті (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстандық эстрададағы жарық жұлдыздардың бірі Мадина Сәдуақасова желіде алты жыл бұрын болған үйлену тойының суреттерін жариялады. Көпшілік өнер иесінің қалыңдық кейпіндегі образын көріп, оған аса тәнті болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Cәдуақасова жолдасы Олжаспен түскен үйлену тойының фотоларымен Instagram желісіндегі жеке парақшасында бөліскен.
Суреттерден жас жұбайлардың бақытты түрлерін көруге болады.
Айта кетейік, жұлдызды жұптың үйлену тойы 2014 жылдың екінші ақпанында дүркіреп өткен болатын.
Биыл шаңырақ көтергендеріне алты жыл болғандықтан, әнші мұрағаттағы суреттерді қалың көпшілікке көрсетуді жөн көрген.
Оған қоса, осыдан екі күн бұрын Сәдуақасова жолдасын туған күнімен құттықтап, оған түнгі сағат он екіден кейін ерекше тосын сый жасағанын көрсетті.
Бұл туралы да эстрада жұлдызының парақшасынан белгілі болды.
Туған күн иесіне естен кетпес сый жасамақ болған әншіге қайнысы көмекке келген.
"Түнгі сағат 00.00 ке дейін мен, Демежан (інісі) , Әнуар үшеуміз Олжасты құттықтадық. Тосын сый жасаймыз деп үйдегі киіммен, Әнуар ұйықтайтын пижамамен жүр. Инстаграмы жоқ болса да тілек айта берейік. Құтты болсын туған күнің! Ең бастысы, өзің аман есен, жадырап жүрсең болды! Біздер, жақындарың, Анашың, бауырларың ,достарың қай кезде де жаныңнан табыламыз! Мен сені сүйемін, оған күмәнің болмасын" , - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін желідегілер Мадина Сәдуақасованы кезекті фотосы үшін сынап тастаған болатын. Олар әнші бұдан былай ашық сурет салмаймын деп, сөзінде тұрмағанына шүйлігіп шыққан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839072-birge-alty-zyl-jlenu-tojyndagy-suretpen-blisken-sduakasova-eldi-kuantty-foto/