Ресейлік әнші Максим шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды
Жарияланған күні:
36 жастағы ресейлік әнші Максимнің өнер көрсетуін тоқтатып, барлық концерттерінен белгісіз мерзімге бас тартуының себебі белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Звезда" басылымының мәліметінше, ресейлік әнші ауруханада жатыр, оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Айта кетейік, 2019 жылғы сәуірде әнші жол апатына түсіп, соның салдарынан денсаулығы сыр берген. Қазір ол бас ауруына шағымданып, дұрыс ұйықтай алмайтынын жеткізді.
"Қан тамырларында проблема бар. Омыртқасы зақымданған, аяқтары ауырады", – дейді Максимнің көмекшісі Маргарита Соколова.
Бұған дейін әнші өз блогында жазылушыларына жүгінген еді.
"2019 жылғы жол апатында алған жарақаттары салдарынан денсаулығының нашарлауына байланысты, сондай-ақ дәрігерлердің қатаң нұсқаулары бойынша біз Максимнің белгісіз мерзімге демалысқа шығуы жөнінде шешім қабылдадық...", – деп жазды Маргарита.
Айта кетейік, былтыр әнші шетелде болғанда, Мәскеуге ұшатын рейске автокөлікпен асығып шыққан. Алайда оның жүргізушісі тайғақ жолда көлікті басқара алмай, апатқа ұшыраған. Максим сол кезде жол апатынан қатты жарақат алғанын, бастапқыда тіпті, сөйлей алмай қалғанын айтып берген еді.
Еске сала кетейік, қазақстандық әнші Ернар Айдар Алматы маңында апат болған Bek Air ұшағынан зардап шеккен директорының бүгінгі хал-жағдайын айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, осы күнге дейін Дәулет Қожабергенге төрт-бес ота жасалған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839126-resejlik-nsi-maksim-sgyl-trde-auruhanaga-zatkyzyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.