Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ниетім түзу еді": Асхат Садырбай жанұясы туралы шулы жаңалыққа жауап берді

Опубликовано:

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай желіде жеке өмірі мен отбасына қатысты тарап кеткен ақпаратқа жауап берді. Ол екінші әйелімен екіге айырылып кеткенін растап, бүгінде бала мәселесі жөнінде сотқа арыз берілгенін жеткізді. Ақпарат өкілі өмірінде орын алған жағдайдың жай-жапсарын баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Асхат Садырбай Instagram парақшасында жанұясы туралы тарап кеткен шулы жаңалыққа пікір білдірді.

Белгілі журналист көпшілікті желіде айтылып жатқан орынсыз ақпаратқа сенбеуге шақырып, басына түскен мәселені егжейлі-тегжейлі жазып шықты.

"Көпшілік тарапынан қойылып жатқан сұрақтарға осы пост арқылы қысқа жауап берейін. Ақталу немесе сылтау емес. Заңды некеміздің шытынағаны рас. Өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Әрекет адамнан, берекет Алладан.

Ниетім де, ойым да түзу еді. Бірақ, екі адамнан құралатын одақта ниет те, ой да бір болмаса іс оңбайды, тірлік өнбейді екен.

Кез-келген отбасыда келіспеушіліктер, өкпе-реніш болады. Оның барлығы екеуара шешіледі, болмаған жағдайда заң аясында, азаматтық тәртіпте қаралады.

Кейбір ақпарат құралдары мәселенің мән-жайын, істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып, дәйексіз әңгімені елге жариялап жіберген екен, жалған ақпарат берген адамдарды да, менің және баламның суретін рұқсатсыз жариялаған ақпарат құралдарын да сотқа беруге мәжбүрмін.

Біріншіден бұл жалған ақпарат, екіншіден мені өз баласын қорлап жатыр деп жала жабу-ақылға сыймайды. Үшіншіден, бұл менің тал түсте тапталып жатқан азаматтық құқығым, төртіншіден менің атыма, іскерлік беделіме нұқсан келтірілуде. Әр сөзге дәлел болуы керек.

Ешкім баланы анасынан немесе әкесінен айырғалы жатқан жоқ. Бала мәселесі бойынша сотқа арыз берілді. Барлығы өз ретімен, тәртібімен қаралуда. Соттың шешімін күту керек" , - деп сырын ақтарды Асхат Садырбай.

Оған қоса, танымал медиа тұлға бала мәселесі бойынша соттың шешімін күтіп жүргенін мәлімдеді.

Оның сөзінше, перзентінің құқығына қарсы іс-әрекеттер орын алып, денсаулығына, жүйке-жүйесіне зиян тигізілген бірнеше сәттер болған. Бұл жайттарға Асхат Садырбайдың дәлелдері де бар болып шықты.

"Біз жұбайымызбен жәй ғана екіге айырылып кете алмадық. Себебі, баламның құқығына қарсы іс-әрекеттер орын алды, денсаулығына, жүйке-жүйесіне зиян тигізген бірнеше сәттер болды. Сол себепті мен оның барлығын дәлелдеп, ақты аққа, қараны қараға шығармақ ниеттемін. Менде барлық дәлелдер бар, жеткілікті.

Бар ойым баламның болашағына балта шабудан сақтау. Әкесі ретінде оның тәрбиесі мен денсаулығына, болашағына жауапты екенімді ұмытпағайсыздар.

Бұл ретте мен немқұрайлық немесе салғырттық таныта алмаймын. Баланың құқығы, баланың денсаулығы, жақсы өмірі үшін шырылдап жатқаным-баламды қорлау емес қорғау деп білерсіздер.

Қандай жағдай болмасын баланың кінәсі жоқ. Алайда баланы қару немесе қолшоқпар ретінде қолдану дұрыс емес. Мен ешкімге жала жаппаймын, жапқым келмейді де. Өзгелерге де нақты дәлелмен сөйлеуге кеңес беремін. Алла қаласа, бәрі жақсы болады" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Мұрат Қожаның бірінші әйелі оған жүрекжарды жазбасын арнаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1839843-nietim-tzu-edi-ashat-sadyrbaj-zanasy-turaly-suly-zaalykka-zauap-berdi/

pixel