"Үйге асығатын болдым": Тәуекел Мүсілім әйеліне қандай талап қойған
Жарияланған күні:
Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім келіншегіне қойған басты талабы жөнінде айтып берді. Шоу-бизнес жұлдызы сүйіктісімен отбасын құрмай тұрып, оның өнеріне түсіністікпен қарауын сұраған. Ол өзге актрисалармен жұмыс істеуді тоқтатпайтынын алға тартып, жарымен бұл жайтқа қатысты мәселені шешіп алғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.
Тәуекелдің сөзінше, әйелі оның өнеріне асқан сыйластық танытып, ол сомдайтын "махаббат" сахналарын жұмыс барысы деп қабылдайды.
Өнер иесі Махаббатқа үйленер алдында осы жайтқа түсіністікпен қарауды талап етіп, онымен бұл мәселені талқылағанын жасырмады.
"Оның барлығын сөйлесіп, келісіп қойдық. Мен алдын ала айттым. Егер менде түсірілім басталатын болса, ол 12 сағатқа немесе одан да көпке созылу мүмкін. Түсте басталса, таңға жуық бітумүмкін деген сияқты. Оның барлығын айтып, ескертіп қойдым. Сондықтан бұл мәселеге қатысты қиындықтар жоқ" , - деді актер.
Оған қоса, киножұлдыз отбасылы болғалы өмірі қалай өзгергенін де баяндап берді.
"Бәрі басқаша екен. Бұрынғыдай жеңіл оймен жүре алмайды екенсің. Ештене уайымдамай жүре алмайсың. Ертерек үйге барайын деп ойлайсың. Үйге асығатын болдым. Анам мен әйелімді көрейін. Әйелімді құшақтайын деп тұратын болдым" , - деп ағынан жарылды өнер иесі.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілім алғаш рет әйелі туралы тың мәліметтермен бөліскен еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840171-jge-asygatyn-boldym-tuekel-msilim-jeline-kandaj-talap-kojgan/