Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бетімен кетті": Мейрамбек Бесбаев ашық-шашық киінетін әнші аруларға шүйлікті

Опубликовано:

Отандық танымал жұлдыздар Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Бесбаев қазақстандық эстрадада ашық образымен өнер көрсетіп жүрген әнші қарындастарына аса қатты ашулы. Ел арасында аса сыйлы әртістер жаңа буын әншілерінің мұндай ерсі тәртібін мемлекет деңгейінде қолға алу керектігін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Видеодан кадр, Instagram/kamshat_zholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Видеодан кадр, Instagram/kamshat_zholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Тоқтар Серіков қазақ халқының мәдениетіне жат дүниелерді балаларына да көрсетпейтінін айтты. Өнер иесі ерсі әрекеттер көрініс тапқан бейнебаяндарды көрген бетте, теледидарды өшіріп тастайтынын жасырмады.

"Жалпы жалаңаш өлең айтқандарды тыңдамаймын, жасыратыны жоқ. Мен оны балаларыма да көрсетпеймін. Болады бізде бейнебаяндарды тамашалап қарап отырамыз, аяқтары, жалаң бұттарын көрсетіп жатқан жерінен өшіріп тастаймын. Әр ұлттық өзінің мәдениеті болады. Әр ұлттың өзінің мінез-құлқы болады. Мен қазақ деген халқымның мінезіне, менталитетіне келмейтін бір дүниелер бар, соны көрсетпей-ақ қойса екен деймін" , - деді Серіков.

Ал Мейрамбек Бесбаев ашық-шашық киінетін әнші арулардың мәселесін қолға алу керек екенін жеткізді. Әнші өз кезегінде, оларды көріп қалған кезде өздеріне де айтып жүргенін мәлім етті. Алайда, жеңіл жолмен "хайп" жинайтын сылқымдар аға буынның ақылына құлақ асар емес.

"Барған жерде айтып та жүрміз. Нәтиже шықпай жатыр әлі. Бірақ бұны шында да қолға алу керек. Кәдімгідей мемлекет қолға алмаса, бетімен кетті шынымен де. Түсінбей жатырмын бұны, біз неге бұндай қадамға барғыш болып кеттік. Бұдан да шаршайтын шығар ел" , - деді Бесбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев танымал болуға құмар әншілерді сынап тастаған болатын. Әртіс жас орындаушылар өлеңін өткізу үшін мәтінге боқтық сөздерді жиі қосатынын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840441-betimen-ketti-mejrambek-besbaev-asyk-sasyk-kiinetin-nsi-arularga-sjlikti/

pixel