Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Музарт lіfe"-тан кетіп қалған әнші топқа қатысты өз шындығын жайып салды

Опубликовано:

Қазақ өнерінде өзіндік орны бар "Музарт" тобының ізбасарлары болып саналатын "Музарт life" тобының екі орындаушысы құрамнан кетті. Екі әншінің музыкалық ұжымнан бөлек шыуғына ішкі араздық пен түсінбеушілік себеп болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

"Музарт Life" тобының бұрынғы солисті Сұлтан Ахмет жеке орындаушы болуына не тұрткі болғанын жеткізді.

"Алматыда ағаларымыздың қасында сахнада жүргенімізге үш жыл уақыт болды. Осы уақыт аралығында байқағаным өнер жолында достық деген болмайды екен. Себебі, "Менмін деген достар", күліп-ойнап жүргендер топқа келген кезде бір-бірімен қас болып кетіп жатқандар бар. Бір-бірін жек көріп, араласпай кетіп жатқандар бар. Тіпті төбелесіп жатқан жерінде өзім ажыратқан кездер болды", - дейді ол.

Өнер иесі топтағы әріптестеріне реніші бар екенін де жасырмады.

"Былайша келгенде бауырларым, менің достарым қанша жыл бірге тұрдық. Бірақ соңы осымен аяқталып жатыр. Өйткені, топтың ішінде "каша" (былық) өте көп қой. Оны біз сыртқа шығармаймыз. Өзіміз ішіміздегі нәрсе. Соның барлығы әсер етті. Мен жігіттерге өкпелімін", - дейді Сұлтан Ахмет.

Ал "Музарт Life" жобасының басқа әртістері Сұлтан мен Әзиз қалауымен кетті деген пікірде.

"Сұлтан мен Әзиз өз қалауын жасады. Ағалармен де, бізбен де сөйлесті, ақылдасты. Басында топтан төртеумізде кетіп қалып едік. Төртеуміз төрт жаққа кетіп, жеке-жеке әнші боламыз дедік", - дейді жігіттер. 

Еске сала кетсек, "Музарт life" тобы ақпан айының басында желідегі парақшасында өнерден неліктен біраз уақытқа қол үзіп қалғандарын айтқан еді.

"Өздеріңізден біраз уақытқа алшақтап кеткеніміз үшін кешірім сұраймыз! Өнер жолында түрлі жағдайлар орын алатынын сіз бен біз өте жақсы білеміз ғой. Біздің топ тарап кетпеді! "Музарт лайф" әлі де болса өз жұмысын жалғастыратын болады! Дегенмен, толық құраммен емес! Бұл өмірде әр адамның өзінің таңдаған бағыты, жолы болады. Сұлтан мен Азиз бауырларымызбен қарым-қатынасымыз бен сыйластығымыз бұған дейінгі уақытқа дейін қалай болса дәл сол қалпында! Тек бір топта өнер көрсетпейтініміз өкіншті болып тұр", - деді музыкалық ұжымның өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін "МузАрт" тобының белді мүшесі әрі халыққа сыйлы әнші Мейрамбек Бесбаев бүгінде жаңа буын әншілерін сынға алғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1841366-muzart-life-tan-ketip-kalgan-nsi-topka-katysty-z-syndygyn-zajyp-saldy/

pixel