Нұртас Адамбай айдай сұлу әйелін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал актер әрі режиссер Нұртас Адамбай желіде айдай сұлу жарының суретін жариялап, елді сүйсінтті. Бүгінде кино саласына бет бұрған белгілі әзілкеш жеке өмірін барынша құпия сақтап, әйелінің фотосымен өте сирек бөлісетін жұлдыздар қатарына жатады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұртас Адамбаев келіншегі Ғалияның суретін жариялап, Instagram оқырмандарын бір қуантып алды. Фотодан актердің жары гүл шоқтарына сүйсіне қарап тұрғанын аңғаруға болады.
Әзілкеш желіде суретпен ғана шектелмей, оған қатысты аса әсерлі жазба қалдырды.
"Әлішер анасына тосын сый жасамақ болды. "Әкем дүкеннен бір нәрсе алады" деген сылтаумен екеуміз гүл сататын дүкенге бардық. Гүл шоғын ұлым өзі таңдады. Ол хош иісті гүлдерді тарту еткенде анасы жүз есе бақытты болып, қатты қуанды.
Келесі күні біз апамыздың үйіне бардық. Жол-жөнекей біз ол кісіге де гүл шоғын сатып алдық. Бала-шаға мен немерелердің келуі ата-анамыз үшін онсыз да үлкен сый екенін бәріміз жақсы білеміз. Ал оған қоса, гүлмен келген одан бетер жақсы әсер қалдырады екен. Әлішердің апасы анасы секілді, бір мезетте ең бақытты әже болып шыға келді.
Қысқасы, қыздарға гүл сыйлап тұрыңдар. Оларды бақытты етіп, өздерің де бақытты болыңдар. Ол үшін арнайы мейрамның болуы шарт емес. Әрбір күннің өзі үлкен мереке екенін естен шығармаңыздар" , - деп жазды Адамбай.
Желі қолданушылары Нұртас Адамбайдың жарын желіде жариялағанына тәнті болып, ерлі-зайыптыларға деген жылы лебізін білдірген.
"Қандай сұлу келіншегіңіз, несіне жасырасыз?", "Өте көрікті", "Бір бағдарламада бірге тұрмайтындарын айтып еді. Мүмкін татуласқан болар. Керемет болушы еді. Әрине, ол тек өздеріне қатысты мәселе деп түсінемін. Бірақ, әлемде бақытты адамдардың саны арты берсе нұр үстіне нұр болатын еді",
"Қайтадан қосылдыңыздар ма? Егер, бұл шындық болса қуаныштымын" , "Олар баяғыда қосылған, Нұртас жазған бұл жөнінде" , "Әйеліңіз өте әдемі екен" , "Келіншегіңізді көрсетпейтіңіз қызық" , "Өте сұлу әйел екен" , - деп жазуда көпшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Нұртас Адамбай шашы не себепті ағарып кеткенін түсіндірген болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842635-nrtas-adambaj-ajdaj-slu-jelin-krsetti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.