Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәлелденсе мойнына алады": Зарина Омарова інісіне қатысты дауға жауап берді

Жарияланған күні:

Түркістандық ару Кәмшат Таубай Азамат Омаровтан жүкті болып, оған қыз бала туып бергенін айтып, дүйім жұртты таңғалдырды. Ол отандық танымал әншінің ұлына алданып қалғанын алға тартқан болатын. Ел арасында қызу талқыға салынып жатқан мәселеге жұлдызды отбасыдан бірінші болып Зарина Омарова жауап берді. Ол інісінен естіңгенді баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Зарина Омарова түркістандық бойжеткеннің жанайқайына қатысты пікірін Instagram парақшасында білдірген. Өнер иесі туған інісіне жала жабылып жатқанын жеткізді. Ол Азамат Омаровтың қыздың жүкті екенінен хабарсыз болғанын айтты.

Оған қоса, әншінің сөзінше, Кәмшат сәбидің суреттерін тек босанғаннан кейін жібере бастаған.

“Астарлы ақиқат” бағдарламасында болған кешегі тақырып - әлбетте енді елдің назарында. Маған келіп жатқан толассыз хаттар мен комментарийлерге жауап беруім керек. Оның үстіне, менің отбасым, яғни Омаровтар әулеті жауаптан қашып отырған жоқ. Біріншіден, мен әлдеқашан тұрмыс құрып, балалы болып, өз отауымды тіккен Омаровамын. Тұрмыстағы қыз төркіннің тірлігіне араласпауға құқылы. Дей тұрғанмен, інім - біреу ғана. Сол себепті, інімнің басын салбыратып қойып, жалғыз қалдырмаймын. Біз кеше Азамат екеуміз ашық сөйлесіп, ол маған өз шындығын айтты.

Мен інімді жақсы білемін және оған сенемін. Кәмшатты өмірінде үш- ақ рет көрген және оған ешқандай уәде бермегенін айтып ағынан жарылды. Аяғы ауыр болғанынан мүлдем хабары болмаған. Сол уақыт аралығында Азаматпен хабарласпағанда, босағаннан кейін бірақ суреттер жібере бастаған . Сондан кейін біз Камшатқа телефонмен хабарласып, дыбыс ұлғайтқышқа қосып Азамат одан "Неге, өтірік айтып жатырсың, мен саған ешқандай уәде бермегенмін сүйемін-күйемін деп сені алдамадымда, үйлену туралы әңгіме арамызда мүлдем болған емес".

Камшаттың жауабы: "Маған қарсы айтылған пікірлерден қорқып, өтірік айтуыма тура келді" деп жауап берді.Мен бұл айтылған сөздің бәрін естіп тұрдым, эфирде отырған адамдармен, телефонның ар жағынанан сөйлеген адамдар мүлдем басқа болып шықты. Айқайлап дауыс көтеріп, адам сияқты дұрыстап сөйлесуге мүмкіндік болмады. Мен інімді жақтап жатқан жоқпын, дәлелденсе бәрін мойнына алады" , - деп жазды әнші.

Оған қоса, Зарина Омарова Көзайым шынымен інісінің қызы болып шыққан жағдайда оған әулеттен орын табылатынын жеткізді.

"Екіншіден, бағдарламаға келген Кәмшат пен оның анасына айтарым: егер, Көзайым менің сіңілім болып шықса, біз оны қуана-қуана отбасымызға қабылдаймыз. Бір әкеден бүгінде бесеуміз. Азаматтың қос құлыншағы бар. Сондықтан, далада жатқан бала жоқ. Көзайымға біздің әулеттен орын табылады. Бастысы - қыз біздікі екені дәлелденсе болғаны. ⠀ Үшіншіден, қыз өсіріп отырған аналарға айтарым, алдымен қыздарыңызға дұрыс тәрбие беріңіздер. Бәрімізде қыз бар, қызғалдақ бар, орнын тапса, анаға одан артық бақыт бар ма? Танымайтын жігітпен төсек қатынасына баруға болмайтынын анасы айта білу керек. Қазақтың менталитетіне сай емес дерсіздер. Бірақ, дәл осындай оқиғалар орын алмау үшін, ана мен қыздың арасында дұрыс диалогтар өрбуі керек деп ойлаймын" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Кәмшат Таубай есімді ару әйгілі әнші Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін айтқан болатын. Бойжеткен Азамат Омаровтан қызы бар екенін жайып салды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842833-dleldense-mojnyna-alady-zarina-omarova-inisine-katysty-dauga-zauap-berdi/