Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"15 мың доллар": Отандық актерлар қаламақылары жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Отандық танымал актерлар өз қаламақыларын жария етті. Өнер иелері бір киноға түсу үшін алатын гонорары шын мәнінде қанша екенін айтты. Вайнер Мейірхан Шерниязов бір рөлді сомдау үшін 15 мың доллар талап етсе, актер Дәурен Айдарқұлов бір миллион табысқа да риза болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/daurenaidarkulov/make_sakevich. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.
Фото: Instagram/daurenaidarkulov/make_sakevich. Коллаж: KAZ.NUR.KZ.: Instagram

Қазақстандық киножұлдыздар өздерінің қыруар қаражат алатыны жөніндегі қауесеттерге жауап берді. Олар шын мәнінде алатын қаламақыларын жасырмай айтты.

"Он бес мың доллар. Содан басталады да, одан кейін ары қарап төмен түседі. Менің қоятын бір-ақ шартым бар. Менде ставка бір. Бір кішкентай сахнаға шақырдың ба, әлде толығымен басты рөлді сомдау керек пе? Бәрібір. Себебі, бізде сондай продюсерлік шешім бар. Сен түскен бір сәтті алады да, соны трейлерде көрсете береді. Сол үшін менде ставка бір деп айтамын" , - деді Мейірхан Шерниязов.

Ал атышулы Дәурен Айдарқұлов кино нарықтағы өзгерістерге қарамастан, бір бағаны ұстап келе жатқанын айтады.

"Кейбір кісілер гонорарларым Алматы қаласында осыншама дейді. Сыртқа шықса басқаша деп айтады. Менікі әзіргі уақытқа дейін жалпы бүкіл Қазақстан аумағында гонорарым сол бірқалыпты болып келе жатыр. Бір миллион" , - деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Қоянбаевтың фильмі Қазақстан кино тарихында рекорд орнатқан болатын. "Бизнес по-казахски в Корее" киносының кассалық жиналымы бір млрд 40 млн теңгені құраған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843139-15-my-dollar-otandyk-akterlar-kalamakylary-zajly-bar-syndykty-ajtty/

pixel