Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасарып кеткен Нұрғали Нүсіпжановты ел танымай қалды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде Нұрғали Нүсіпжановпен түскен суретімен бөлісті. Қос әртістің фотосы бірден желідегілердің қызу талқысына түскен. Алайда, көпшіліктің назары 83 жастағы әншіде болды. Олар қатты жасарып кеткен өнер иесін танымай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal.© Sputnik / Айгерім Таубай. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhunusova.makpal.© Sputnik / Айгерім Таубай. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мақпал Жүнісова өзімен бір сахнаны бөлісіп жүрген әріптесімен түскен суретті Instagram парақшасында жариялаған. Желі қолданушылары бірден Нұрғали Нүсіпжановты және оның танымастай жаңарып кеткен образын қызу талғы салды.

Олар өткен жылы өзінен 45 жас кіші журналиске үйленген эстрада өкілінің жасарып шыға келгеніне қатты таңғалған.

"Нұрғали ағамызға үйленген жаққан сияқты, жасарып кетіпті" , "Ағамыз жасарып алған" , "Нұрғали аға ерекше талант иесі ғой. Қалай жасарып кеткен? Шынымды айтсам, танымай қалдым" , "Ағаның образы тамаша әрі ерекше" , "Нұрғали аға шашын қатырыпты, жасарып кеткен" , "Ағамыз күннен күнге жасарып бара жатыр. Махаббаттың арқасы болар" , "Нұрғали аға шаш қою үлгісін өзгерткен" , "Нұрекең жасарып кетіпті , жақсы энергия , тоқ көңіл адамды қартайтпайды" , - деп жазудакөпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжановтың ерекше образда ел алдына шыққанын жазған боатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1843925-zasaryp-ketken-nrgali-nsipzanovty-el-tanymaj-kaldy-foto/

pixel