Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қабыл аламыз": Марат Омаров үлкен даудан кейін некесіз немересін ресми түрде растады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Марат Омаров ұлының некесіз туған қызына қатысты даулы оқиғаға алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі жүргізілген ДНҚ сараптамасы сәбидің Азамат Омаровтың қызы екенін растап шыққанын мәлімдеді. Эстрада жұлдызы немересінен бас тартпайтынын айтып, оны отбасына қабылдауға дайын екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Марат Омаров түркістандық арудың жағдайды айтып, оған хабарласқанда не себепті тұтқаны тастай салғанын түсіндірді.

Өнер иесі өзіне қоңырау шалып, жалған ақпарат берушілер көп болғандықтан оған сенімсіздікпен қарағанын айтты.

"Атақты әнші болғаннан кейін, бір жағынан бай деп ойлайды ма? Бір жағынан қажеттілікке байланысты қаншама телефон шалатын адамдар бар. Соның бірі деп, мен аңғармадым.

Шынымды айтайын, екі жылдан кейін үндеместен ол келіп, "сіздің немереңіз бар" деп айтқанға кім сенеді? Миллиондаған хат-хабар келіп жатқанда, оған сенім болмады. Себебі, одан баламның да хабары болмады.

Зарина әрдайым бұқаралық ақпарат құралдарына ашық. Менің өзімнің де көмекшілерім бар. Соларға шығып, кездесуімізге болар еді. Болмаса сол қызды алдыма алып келіп, көзбе-көз сөйлессек мен ешқашанда қашқан емеспін. Мен жалпы қазақ қыздарының жылағанын қаламаймын" , - деп ақталды әнші.

Өнер иесі немересі Көзайымды асқан қуанышпен қарсы алатынын жеткізді.

"Мен қалай қарсы боламын? Егер дәлелденіп жатқан дүние болса. Ол Алланың берген сыйы.
Сондықтан мен осы күнге дейін дәлелденбей келе жатқан жағдайға ештеңе айта алмадым. Маған халыққа да жауап беру қиын болды. Сенімсіздік болды.
Мен балажанмын. Менің анам, бала-шағам бар. Артық етпейді. Баланы қабыл аламыз. Ол періште ғой. Баланың қандай кінәсі бар?" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салған болатын. Нәтижесінде бойжеткен одан Көзайым деген қызды дүниеге әкелген.

Бұл жағдай ел арасында бірден қызу талқыға түсіп, Омаровтар әулеті халық қаһарына ұшырады. Інісінің даулы оқиғасына қатысты бірінші болып, жұлдызды әпкесі Зарина Омарова жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844224-kabyl-alamyz-marat-omarov-lken-daudan-kejin-nekesiz-nemeresin-resmi-trde-rastady/

pixel