Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақтырмайды": Қалаулымдық ару жобадан кейінгі өмірі жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

"Қалауым Live" жобасының бұрынғы қатысушысы Жанар Мырзабекова бағдарламадан кейін өмірі қалай өзгеріп кеткенін баяндады. Бойжеткен атышулы шоудың арқасында асқан танымалдылыққа ие болғанымен, оның кері әсері де бар екенін жасырмады. Бүгінде желі жұлдызына айналған ару қай жерге барса да, көпшілік оған жақтырмаушылықпен қарайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ theopenasia.net сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/zhanara.kairatovna818. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhanara.kairatovna818. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жанар Мырзабекова бағдарламаға шын мәнінде махаббатын іздеп барғанын айтты. Алайда, эфирге шығып, танымалдылығы неғұрлым арта берген сайын оған ауыр тие бастапты.

Ақыр-соңы бойжеткен көпшіліктің сыны мен отбасының қарсылығы салдарынан жобадан шығып тынған.

Бүгінде Жанар өзінің шағын кәсібін жүргізіп отыр. Атышулы бағдарламадан кетіп қалғанымен, оны халық ұмыта қоймаған.

Бойжеткен қай жерге барса да жұрт оны танып, көп жағдайда жақтырмай қарайтынын айтты. Тіпті, кейбір мекемелерде оған қызмет көрсетуден бас тартқан сәттер де болған.

"Халыққа қызмет көрсету орталығында мен жоғалтып алған жеке куәлігімді жедел түрде түрде жасатқым келген. Алайда, сол жерде жұмыс істейтін әйел маған қызмет көрсетуден бас тартты. Ол отадан кейінгі еріндегі жарамен құжатқа суретке түсуге болмайтынын айтты.

Мен оны помадамен жауып қоя алатынымды түсіндірдім. Содан кейін, ол маған "сен қалауымдық Жанарсың" деді. Барлығы естісін деп айқайлап тұрып айтты.

Дүкендерде де ұрыс естігенмін. Олар мен өзімді жұлдыз сияқты ұстайды деп сөгіп тастаған. Сатушылар маған ақшаны лақтырып, картамды қабылдамай қойған. Такси жүргізушілері де танып, сынап жататын. Мен көліктен жылап шығатынмын.
Менімен бірге оқыған сыныптастарым мені жұлдыз болып кетті деп айыптайды. Бірақ, ол жобада өз-өзің үшін төтеп бермесең, басыңа шығады" , - деп ағынан жарылды Жанар.

Айта кетейік, бұған дейін Аша Матай "Қалауым Live"-тан кетіп қалған қатысушылардың сынына жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844258-zaktyramajdy-kalaulymdyk-aru-zobadan-kejingi-miri-zajly-bar-syndykty-ajtty/

pixel