jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім

    : UGC

    COVID-1 вирусын жұқтырғандардың саны күн санап артуда. Жұқпалы аурудың осыншалық жылдамдықпен таралуы адамдардың, әсересе, жұлдыздардың үрейін ұшыратыны анық. Себебі олар үнемі жанкүйерлерімен байланыста болып, көп саяхаттауға мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Бүгінде 85 елге тарап үлгерген вирустан сақтану үшін маска киіп жүрген жұлдыздарды назарыңызға ұсынамыз:

    Актриса Кейт Хадсон маскамен түскен суретті жариялап, 2020 жылы тек осылай саяхаттайтынын айтты.

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Танымал әнші, актриса Селена Гомез АҚШ-тың Чикаго қаласындағы әуежайда маскамен отырған жерінде камераға түсіп қалды.

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Израильден шыққан актриса әрі модель Галь Гадот саяхаттау үшін арнайы жеке ұшақты қолданған. Алайда мұны білген көпшілік оны сынға алды. Себебі актриса бұған дейін бірнеше рет мұндай ұшақтың қоршаған ортаны ластайтынын айтқан еді.

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Америкалық актриса Гвинет Пэлтроу дәл осы суретті жариялап, бүгінде ешкіммен қол алыспай, маскамен ұйықтайтынын мәлімдеген. Бір қызығы, ол эпидемия тақырыбында түсірілген "Заражение" фильмінде ауру жұқтырған адамның рөлін сомдайды.

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Ал желі жұлдызы, фотомодель Ким Кардашьян маска киіп қана қоймай, арнайы вирустан қорғайтын қолғапты да қолдануды жөн көріпті.

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Тағы бір әйгілі модель Модель Наоми Кэмпбелл ұшаққа отырар кезде мұқият қорғануды жөн көрген. Ол қол тиіп кетуі мүмкін жердің бәрін бактерияға қарсы ылғалды сүлгілермен тазалап, залалсыздандырады екен.

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім
    Фото: bigpicture.ru: UGC

    Айта кетейік, соңғы деректерге сүйенсек, Қытайдан тыс жерде коронавирусты жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асқан.

    Бір тәулік ішінде вирус жұқтырғандардың саны 2 мыңға артқан.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Коронавирустан қорғану үшін маска киіп жүрген жұлдыздар кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.