Қайрат Нұртастан айнымайтын қырғыз әншісі желі жұлдызына айналды (видео)
Опубликовано:
Желіде Қайрат Нұртастан айнымайтын жігіттің ән салып жатқан видеосы тарап, көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары бейнежазбадағы ер адамды қазақстандық шоу-бизнес жұлдызына қатты ұқсатып, оның әншілік қабілетіне жоғары бағасын берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Белгілі болғандай, Қайрат Нұртасқа қатты ұқсайтын азамат қырғыз әншісі Тынар Ысакбеков болып шыққан. Желіде тарап кеткен видеода көпшілік оны қазақстандық жұлдызбен жиі шатастырып жатады.
"Қайрат Нұртастан айнымайды екен өзі" , "Шынымен Қайратқа қатты ұқсайды" , "Ажырата алмай қалдым ғой" , "Қайрат Нұртас екен деп қалдым" , "Недеген ұқсастық" , "Қайрат Нұртастың қырғыз егізі" , "Қайрат Нұртаспен дуэт жазу керек" , - деп жазуда желідегілер.
Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, әншінің есімі - Тынар Ысакбеков. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, ол - Мәскеудегі қырғыз әншілерінің жетекшісі.
Тынар Ысакбеков Instagram желісінің белсенді қолданушысы. Ол өзі айтып отырған видеолармен бөлісіп тұрады. Бүгінде оның парақшасына 1500-ге жуық адам жазылған.
Айта кетейік, отандық хитмен Қайрат Нұртас сегізінші наурыз күні Қазақстанда бұрын-соңды болмаған голографиялық концерт бермек.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844301-kajrat-nrtastan-ajnymajtyn-kyrgyz-nsisi-zeli-zldyzyna-ajnaldy-video/