"Өзбекстан тумасы": Аша Матайдың жеңгесі туралы не білеміз
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Аша Матайдың туған ағасы үйіне келін түсіріп, ата-анасын қуантты. Сымбатты бойдақтар қатарында болған Айдар Асқарбектің жүрегін Жарқынай Ханайым есімді ару жаулап алған. Бойжеткен әншілік пен актрисалық қызметін қатар алып жүр. Шоу-бизнес саласында жұмыс істейтін қалыңдық жайлы тың мәліметті KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Жарқынай Ханайым өзі жайлы еш жерде айтылмаған ақпаратпен "Опмай-Опмай" бағдарламасына берген сұхбаты барысында бөлісті.
Белгілі болғандай, ол күйеу жігітінің жұлдызды тәтесі, продюсер Баян Алагөзованың қол астында қызмет етіп жүрген. Ал болашақ жолдасымен таныстығы "Заура" атты телехикаяның түсірілімінде болыпты.
Атышулы продюсер қос ғашықтың тоғысуына елеулі түрде маңызды рөл атқарған болып шықты. Жарқынай мен Айдар аталмыш сериалда басты рөлдерді сомдады.
Сонымен қатар, жұлдызды әулеттің келіні Қазақстан тумасы болмай шықты.
Анықталғандай, қалыңдық Өзбекстан елінде дүниеге келген. Ата-анасы бүгінде "Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Жарқынай отбасындағы жалғыз перзент екен.
"Ол кісілер Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Жақында таныстық орын алады. Мен ата-анамның жалғыз қызымын. Әке-шешмнің көзінің ағы мен қарасымын. Ата-анам өте қарапайым жандар. Мені өсіріп тәрбиеледі.
Өзім Өзбекстан мемлекетінде Ташкент облысына қарасты Бостандық қаласында туып өстім. Ол бұрынғы Қазақстан жері болған.
Сосын Қазақстанға бауырларымды іздеп келдім, оқыдым. Музыкалық колледж бен академияда аяқтадым. "Астана мюзикл" театрында жұмыс істедім. 2019 жылдың басында продюсерлерімнен қайтадан Алматыға шақырту алып, "Рауза" телехикаясының түсірімінде болашақ жолдасыммен таныстым" , - деп ағынан жарылды қалыңдық.
Айта кетейік, Аша Матайдың отбасы күні кеше ғана келін түсіріп, беташар рәсімін өткізген болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844778-zbekstan-tumasy-asa-matajdy-zegesi-turaly-ne-bilemiz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.