Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирус кет, кет, кет": Омаровтың желіні шарлаған әні қалай пайда болды (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші әрі композитор Марат Омаров желіде хит болған коронавирус жайлы әніне қатысты бар шындықты айтты. Сазгер кеңінен тараған өлеңді шығару идеясы Шымкент шаһарындағы мейрамханалардың бірінде туындағанын жеткізді. Оның сөзінше, аталмыш туындының жарық көруіне қауіпті дерттен барынша қорғанып әлек болған халық түрткі болған деп жазады KAZ.NUR.KZ "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/marat_omarov_kz/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/marat_omarov_kz/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Марат Омаров елімізде орын алып жатқан оқиғаларға байланысты шабыттанып, халықтың еңсесін көтеру мақсатында ерекше ән шығармақ болған.

"Сол мекемеде ақ рояль бар. Өзімді баяғы Том Джонс сияқты сезініп, ара-тұра шабыттанып, ойнап жүретінмін. Бір мезетте қарасақ, балалардың бәрі бетперде киіп шығып келе жатыр.

Сосын мен рояльға отырғанда, сондай идея келді. Коронавирусты жоқ қылатын не бар? Осы әнімізбен кішкене болса да халықтың көңілін көтерейік, сабырлыққа шақырайық деген ойдан туындаған ән.

Қазақта баяғыда аластату деген ырым болған. Бұл әнді өзім шығардым. Шәкіртім қасымда тұрып қостады. Бір жағынан орысша «коронавирус нет, нет, нет». Екіншіден қазақша «кет, кет, кет» деп келтірдік.
Бір шетінен көңілдірек шығарғаным, уайым-қайғы болмасын, санаға жаман ой салмасын, өмір позитивке толы екенін түсіндіру болды" , - деді әнші.

Күллі әлемді жайлаған қауіпті вирус жайлы әнді отандық әншілермен қатар, танымал вайнерлер де қостап кеткен.

Алайда Омаровтың туындысы қазақстандықтармен шектеліп қалған жоқ. "Коронавирус кет, кет" әнін Мәскеу жастары жалғап, Франция, Германия, Америка, Қытай азаматтары өз тілінде шырқай бастаған.

"Қайырмасын айтып, челлендж жасауға рұқсат бердік. Мен бүкіл әлемдік композиторлар ассосациясының мүшесі болғандықтан, ой, сіздің әніңіз бұл жақта да «коронавирус гоу, гоу гоу, коронавирус ноу, ноу, ноу деп ағылшынша шырқалып жатыр деп шетелдегі әріптестерім хабарласуда.
Әріптестерім бейнетаспаға түсіріп, барлық тілде жіберсеңіз деп ұсыныс жасап жатыр. Қазір екі шумағы дайын. Үшінші шумағын әзірлеп, ағылшын, француз және басқа да тілдерге қалай жазамыз, соны ойластырудамыз" , – дейді сазгер.

Айта кетейік, Марат Омаровтың "Коронавирус кет, кет" әні желіні жарып, нағыз хитке айналған. Отандық жас өнерпаздар аға буынның туындысынан шабыт алып, әннің өз орындауындағы нұсқаларымен бөлісуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845806-koronavirus-ket-ket-ket-omarovty-zelii-sarlagan-ni-kalaj-pajda-boldy-video/

pixel