Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыты келгенде шешілер": Керімбекова ұтыс ойнына қатысты дауға жауап берді

Опубликовано:

Қазақстандық шоу- бизнес жұлдызы Ақбота Керімбекова өзі жүргізген ұтыс ойнына қатысты шулы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі өзіне желіде жаудырылған айыптауларға жауап беріп, мәселе уақыты келгенде шешілетінін жеткізді. Оған қоса, ол конкурс ұйымдастырушысының видеосын жариялап қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/botakerim/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/botakerim/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Аталмыш бейнежазбамен өнер иесі Instagram парақшасында бөліскен. Онда ер азамат шу шығарған ұтыс қатысушыларын сабырға шақырып, барлық адамдар сыйлықтарын карантин режимі аяқталғаннан кейін алатынын мәлімдеді.

"Қайырлы күн баршаларыңызға! С5 ойынының қатысушылары мен құрметті инвесторлар сіздерге айтайын дегеніміз: Ұтыс ойында ұтысты болғандардың барлығына сыйлықтары карантиннен кейін міндетті түрде жіберілетін болады. Барлық адамдар сыйлықтарын алатын болады. Инвесторларға айтатыным, біз күнде инвесторларды жауып жатырмыз. Күнделікті ақша жіберіп жатырмыз.Бұл инвестицияға Ақбота Керімбекованың еш қатысы жоқ. Оған жазбауларыңызды, хабарласпауларыңызды сұраймын" , - деді ер адам.

Оған қоса, видеоның астына Керімбекова арнайы жазба қалдырып кеткен. Онда әнші бүгінгі күні елімізде ақшадан да маңызды мәселелер орын алып жатқанын алға тартты.

"Аллам сабыр берсін деймін.Ақ қара да,жалған айыптауларда,уақыты келгенде шешілер. Ең бастысы қазіргі ауыр жағдайдан аман өтіп, еліміздің бақытты күні туса деймін. Атақта,даңқта, дүние мүлікте деннің саулығына жетпейді. Дұғада болайық" , - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Керімбекова ұтыс өткізбек болып, басы дауға қалғанын жазған болатынбыз. Ойынға қатысқан көпшілік желіде шу тудырып, ақшаларын аламай жүргендерін айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848771-uakyty-kelgende-sesiler-kerimbekova-tys-ojnyna-katysty-dauga-zauap-berdi/

pixel