Бүгін "Хабар" телеарнасында "Удачная сделка" атты жаңа жоба эфирге шығады
Опубликовано:
Бүгін, 3 сәуір сағат 18.00-де, «Хабар» телеарнасында «Удачная сделка» деп аталатын жаңа жоба басталады. Бұл - қатысушы өзінің интуициясы мен сәттілік серігіне орай, үлкен сомадағы қаражатты ұтып ала алатын, әлемге танымал телевизиялық ойын.
![«Хабар» телеарнасында жаңа «Удачная сделка» жобасының тұсау кесері «Хабар» телеарнасында жаңа «Удачная сделка» жобасының тұсау кесері](https://cdn.nur.kz/images/1120/9f9c38c92cc6060e.jpeg)
Шарт бойынша, қатысушылар түйсігі мен жолы болғыштығының арқасында үлкен ақша қаражатын ұта алады. Бүгінде бұл жоба телевизиялық жобадан масштабты реалити шоуға ұласты. Бағдарламаның танымалдылыққа ие болуының бірден-бір себебі – кез келген тұлғаның арнайы білімді, біліктілікті қажет етпейтін, өте жеңіл және қолжетімді жолмен 3 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болуы.
Жобаның жүргізушісі - Шах-Керім Карменов.
![«Хабар» телеарнасында жаңа «Удачная сделка» жобасының тұсау кесері «Хабар» телеарнасында жаңа «Удачная сделка» жобасының тұсау кесері](https://cdn.nur.kz/images/1120/5940dd6365ae8582.jpeg)
«Удачная сделка» жобасының ережесіне сай, 22 қатысушыға 22 кейс белгіленген. Бір ғана қатысушы қалған ойында өзі қолданатын бір сандықты таңдайды. Қалған сандықтар басқа қатысушыларға табысталады. Ойын барысында негізгі ойыншы рет-ретімен басқа қатысушылардың сандықтарын ашқызып, ол атаған сомалар ойыннан шығарылады.
Ал қалған қаражат мөлшері арнайы таблода көрсетіледі. Ойыншыға қарсы жақ ретінде банкир қатысады, оның мақсаты – қатысушының үлкен табысқа қолы жетпей, оның сандығын арзанға сатып алу.
![«Хабар» телеарнасында жаңа «Удачная сделка» жобасының тұсау кесері «Хабар» телеарнасында жаңа «Удачная сделка» жобасының тұсау кесері](https://cdn.nur.kz/images/1120/92594ed70ca43af1.jpeg)
Үш миллион теңгенің бақытты иегері кім атанады? «Табысты келісім» болсын ба, әлде болмасын ба? Осы сауалдардың жауабын «Хабар» телеарнасынан «Удачная сделка» бағдарламасынан көріңіздер. Жаңа шығарылымдар жұма күндері 18:00-де көрермендерге жол тартады.
«Удачная сделка» жобасының алғаш көрсетілімін «Хабар» телеарнасынан сағат 18:00-де жіберіп алмаңыздар.
Бағдарламаның сілтемесі төменде:
*PR құқығында
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1848787-bgin-habar-telearnasynda-udacnaa-sdelka-atty-zaa-zoba-efirge-sygady/