Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал отандық вайнер Sabirkin үшінші мәрте ана атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Sabirkin лақап атымен танымал отандық блогер үшінші мәрте ана атанды. Сабина Жарасқызы жолдасына ұл бала сыйлаған. Қуанышты жаңалықпен желі жұлдызы мен оның күйеуі әлеуметтік желіде бөліскен. Отбасыдағы үшінші сәби күні кеше дүниеге келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sabirkin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sabirkin. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Әлеуметтік желіде өмірлік маңызы бар әрі күлкілі видеолар түсіріп танылған Sabirkin ресми түрде көпбалалы ана атанды. Жолдасы екеуі үшінші мәрте балалы болған. Жұлдызды жанұя тағы бір ұл баламен толыққан.

Айта кету керек, Сабина Жарасқызы мен күйеуінің жаңа туған нәрестеден үлкен қызы мен тағы бір ұлы бар.

Ерлі-зайыптылар үшінші сәбиін күтіп жүргендерін аса қатты жарияламаған болатын. Сол себепті, көптеген желі қолданушылары бұл жаңалықты естіп, қатты таңғалғанын жасырмады.

Ана бақытын үшінші рет сезініп жатқан танымал вайнердің жанкүйерлері оны бірден жарыса құттықтауда.

"Құтты болсын, кішкентайларыңыздың бауы берік болсын" , "Үлкен азамат болып өссін" , "Қазақ еліне тағы бір батыр қосылыпты. Дені сау, жасы ұзақ болсын" , "Бауы берік болсын. Шынымды айтсам, таңғалып тұрмын. Сіздің сәбии күтіп жүргеніңізден хабарсыз екенмін" , "Бақытты болыңыздар. Көбейе беріңіздер" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849146-tanymal-otandyk-vajner-sabirkin-sinsi-mrte-ana-atandy-foto-video/

pixel