Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Нұрмағамбетованың көйлегін киіп алған Әлішер Кәрімов желіде қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жұлдызы Әлішер Кәрімов өнердегі әпкесі Айжан Нұрмағамбетованың көйлегін киемін деп желіде қатаң сынға тап болды. Ғаламтор кеңістігінде асқан танымалдылыққа ие болған челлендж аясында әйел адамның образына енген әншіні халық дұрыс түсінбеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айжан Нұрмағамбетованың жылтыр көйлегін киіп, майыса билеген Кәрімовты жұрт сынап тастады. Атышулы челленджді орындаған қос жұлдыздың әрекеті көпшілікке ерсі көрінген. Видео Әлішердің Instagram парақшасында жарияланған.

"Жастау қыз табылмады ма?" , "Үлкен басымен мынандай әрекетке қалай барған? Сізге ақыл беретін адамның өзі осылай істеп тұрғаны өкінішті" , "Масқара, ақыр заман адамдары", "Бір-біріңізге ақыл айтпадыңыздар ма" , "Сөз жоқ. Енді не қалды біз көрмеген?" , "Ер адам бола тұра қыз-келіншектер кейпіне енген өте ұят нәрсе" , "Несіне жігіт болып жүрсің? Намыс қайды?" , - деп сөкті оқырмандар.

Алайда, пікір білдірушілер арасында әртістердің замауи эстафеталардан қалыспайтынына тәнті болғандар да кездесті.

Бұл челленджге Дәурен Айдарқұлов пен жары Ақбота Айдарқұлова да қатысқан. Бірақ, жұлдызды актер келіншегінің көйлегін киюден бас тартқан.

Ал Марат Оралғазин болса, әдетегідей көпшіліктен ерекшелене түспек болған. Ол әйелінің киімін кимей, оның орнына оған халат кигізіп, қолына балаларын ұстатып қойған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849159-ajzan-nrmagambetovany-kjlegin-kiip-algan-liser-krimov-zelide-kyzu-talkyga-tsti/