Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұтыс ойын өткізген Кәмшат Жолдыбаеваны жұрт балағаттап тастады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева өз атынан ұтыс ойын өткізбек болып, даулы оқиғаға тап болды. Шоу-бизнес жұлдызы ойнатқан гивте бірқатар келеңсіздіктер орын алып, оған қатысқан халықтың жаппай наразылығын тудырған. Ойынға ақшасын тіккен жұртшылық ашуға бой алдырып, өнер иесін аяусыз айыптады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kamshat_zholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kamshat_zholdybayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ұтыс ойынына қатысушылар бар кінәні Жолдыбаеваға артып, оны желіде балағаттауға кіріскен. Алайда, эстрада өкілі ашуға булыққан адамдарды сабырға шақырып, оларға ар мән-жайды түсіндіруге тырысқан. Әнші ару Instagram парақшасында жазба жариялап, жағдайды егжейлі-тегжейлі жеткізді.

Кәмшат өзіне сеніп гивке қатысқан жұқртышылық алдында барынша ақталып, ұтысты өткізуге алған гонорарын да сонда салып жібергенін айтты.

"Қайырлы кеш, қымбатты оқырмандарым ! Жақында менің атымнан ойнатылған гивтен кейінгі кейбір демеушілердің наразылығына байланысты айтарым бар. Құрметті демеушілер, бұл гивті ұйымдастыру үшін сіздерге қаржылай қолдау көрсетіп, қатысуға ұсыныс түсті, сол сияқты менің атымды және парақшамды қолдануға маған ұсыныс түсті.

Ұйымдастырушылар сіздермен өзара келісті және менімен өзара келісті. Гив келісілген күні басталып, кейінгі өзгерістердің барлығы ұйымдастырушылардың, сіздердің қалауларыңызбен енгізілген болатын. Ортадағы жауапты адамдардың немқұрайлы қадамдары мен жауапсыздықтарының арқасында туындаған наразылықтардың көбеюіне байланысты гивті тоқтатуға тура келді.

Мен үшін ең басты мәселе халықтың алдында берген уәдені орындап, ұтысты өткізу болды. Сондықтан мен осы гив үшін алған гонорарымды сол ұтысқа салып, жеңімпаздарға сыйладым, қалған бөлігін сол ұйымдастырушыларға толығымен қайтарып жібердім. Әрі қарай барлық сұрақтарды сол кісілермен шешулеріңізді сұраймын" , - деп жазды ол.

Оған қоса, өнер иесі өзіне бағытталған балағат сөздер тоқтамайтын болса, сотқа жүгінуге мәжбүр болатынын ескертті.

"Егер дәлелдемелер керек болса, менде барлық чаттың скриндары, чектер мен квитанциялар сақталған. Маған айтылып, жазылып жатқан балағатты сөздерді тоқтатуларыңызды сұраймын, болмаса мен өз азаматтық құқығымды заңды түрде қорғауыма тура келеді" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін ұтыс ойын өткізбек болған Ақбота Керімбекованың да басы дауға қалған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849378-tys-ojyn-tkizgen-kmsat-zoldybaevany-zrt-balagattap-tastady/

pixel