jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Сынақ деп білеміз": Карантинде Қайрат Нұртастың ата-анасының үйіне ұры түсті

    : Instagram

    Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың отбасында жағымсыз оқиға орын алды. Ел бойынша жарияланған карантин уақытында әншінің ата-анасының үйіне ұры түскен. Бұл туралы хитменнің өзі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

    Фото: видеодан кадр/Instagram/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр/Instagram/gulziraaidarbekova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Қайрат Нұртас жанұясындағы жағдай туралы отандық телеарнаның тікелей эфирі кезінде айтып берді. Әнші онлайн түрде үйінен сұхбат беріп, оқиғаның мән-жайына тоқталған.

    Өнер иесінің айтуынша, ата-анасының үйіне бесінші сәуір күні ұрыс түскен. Алайда, Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтерге ешқандай зиян келтірілмеген. Ерлі-зайыптылардың жағдайы жақсы.

    "Бесі күні болған жағдай. Ең бастысы, барлығы аман, дені сау. Соған өзім қатты қуанамын. Қалғанын сынақ деп білемін. Оқиғаға байланысты полицияға хабар бердік. Қазіргі таңда олар өз қызметін атқарып жатыр", - деді Қайрат Нұртас.

    Оған қоса, өнер иесі карантин уақыты өзі үшін жақсы өтіп жатқанын жеткізді. Гастрольдік сапары салдарынан айлап үй көрмейтін әнші бүгінде бала-шағасының қасында тәтті кезең өткеруде екенін жасырмады.

    "Бар уақытым балаларымның қасында өіп жатыр. Бір тәтті кезең мен үшін. Олардың тәтті қылықтарын көріп жатырмын. Өзгергендерін, есейгендерін байқап жатырмын. Бір жағынан үйде отырған маған жақты" , - деді әнші.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    "Сынақ деп білеміз": Карантинде Қайрат Нұртастың ата-анасының үйіне ұры түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.