"Қара шаңырақтамыз": Жазира Байырбекова карантинді қайда өткізіп жатқанын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова өзінің желідегі белсенділігі азайып кеткеніне алаңдаушылық білдіргендерге карантинді қайда және кіммен өткізіп жатқанын айтып берді. Әнші жолдасы екеуі ел басына түскен қиын кезеңді ет-жақындарының қасында өткеруді шешкен болып шықты. Олар Жанболат Ербатыровтың туған үйіне ауылға кетіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова өзін іздеп, қал-жағдайын сұрап жатқан көпшілікке арнап видео түсірген. Instagram парақшасында жарияланған бейнежазбада ол отбасымен бірге қара шаңыраққа келгенін жеткізді. Жұлдызды жұп ұлы каникулға шыға салысымен, карантин жарияланбай тұрып ауылға кетіп қалған болып шықты.
Өнер иесі қайын жұртымен бірге карантин уақытын өткізіп, барынша сақтық шараларын орындап жүргенін айтты.
Видеодан қызын құшақтап тұрған әнші мен дастархан үстінде отырған туыстарын көруге болады. Байырбекова карантин уақытын көпқабатты үйлердегі пәтерде өткізу аса қиын екенін алға тартты.
"Қайдасыз деп сұрап жатқан журналистер қауымына ,тыңдармандарымызға арналған видео. Жанболаттың туған үйіндеміз. Ертерек індет жойылсын! Адамдардың пейілі жөнделсін! Аузымыздан тек жақсы сөздер шығатын болсын! Әр адам отбасына,ата-анасына көбірек көңіл бөлетін болсын! Халқымыз еңбекке талпынсын!
Басшыларымыз Алладан қорқып,халқына әділ болсын! Біреуге тілеген жамандық та жақсылық та өзіңе айналып келеді. Адамдар заманымызды жақсы жағына өзгертіп,бұл өтпелі кезең пендеге қайырлы болсын! Аумин! Аумин! Аумин деп қойыңыздаршы " , - деп жазған эстрада жұлдызы.
Айта кетейік,бұған дейін отандық жұлдыздардың карантиндегі уақытын қалай өткізіп жатқанын жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849423-kara-sayraktamyz-zazira-bajyrbekova-karantindi-kajda-tkizip-zatkanyn-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.