"Немерелерімді өзім емдеймін": Гүлзира Айдарбекова көріпкелдік қасиеті туралы айтты
Жарияланған күні:
Қайрат Нұртастың анасы шоу бизнестегі продюсер ғана емес, ерекше қасиет иесі болып шықты. Гүлзира Айдарбекова нағашы ата-әжесінен өзіне көріпкелдік қабілет берілгенін жайып салды. Ол немерелерін ауруханаға апармай-ақ, өзі емдей салатынын да мойындады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.
Гүлзира Айдарбекова алғаш рет бойында тылсым күш бар екенін ашып айтты. Танымал продюсерге бұл ерекше қасиеті нағашыларынан дарыған.
Ол балалардың ауырып тұрғанын сезіп қойып, өзі емдейтінін жеткізді.
"Алдыма кішкентай нәрестені алып келіп тұрғанда, оның түрінен түр қалмай, көзі кіртиіп тұрғанын байқаймын. Балаға не болғанын сұрағанда анасы іші өтіп, лоқсып, дене қызуы көтеріліп жүргенін айтады.
Өзімнен өзім отырғанда, білмеймін, арқамнан бірдеңе келіп итереді. Толқыныс. Өзім түсінбей қаламын. Жан-жағыма қараймын, бірақ отыра алмаймын.
Бір жағынан бөпесін алуға ұяламын. Сосын "берші маған" деп қолынан жұлып алғандай боламын. Себебі, жаңағы күш қайтып кетеді. Ол қайтып кетпей тұрғанда баланы қолынан жұлып алам.
Еңбегінен қатты сорамын да бетіне түкіремін. Сомен бала ұйықтап, жазылып кетеді. Тәуіп болғым келмейді. Қорқамын да, кіріп кетпесем екен, ырымдап жүре берсем деп ойлаймын.
Бойымда бір күш бар екенін сеземін. Оны күйеім де, бала-шағам да бәрі біледі. Өйткені, мен балаларымды, немерелерімді еш уақытта ауруханаға тасымаймын, өзім қолдан емдей саламын.
Қатты өтіп кетсе үш күн, қатты болмаса бір күн тамағын ашып жібере саламын. Сосын өзім сылап, массаж жасап емдей саламын" , - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың ата-анасының үйіне карантин кезінде ұры түскенін жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1849645-nemerelerimdi-zim-emdejmin-glzira-ajdarbekova-kripkeldik-kasieti-turaly-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.